Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2018

Қызылорда облысында ауыл әйелдері форумы өтті

127 реткөрсетілді

Оған өңірдегі батыр аналар, мемлекеттік қызметкерлерден бөлек, әр салада қызмет атқарып жүрген әйелдер қауымы қатысты.

Сыр өңірінде отбасымен және бүгінгі қоғамның дамып, өркендеуіне әр салада жүріп өзінің үлесін қосқан 35 әйел-анаға «Ғасыр-Ана», «Үздік білім қызметкері», «Үздік медицина қызметкері», «Үздік фермерлік және шаруа қожалығының басшысы», «Үздік пошта немесе өндіріс қызметкері», «Үздік сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес басшысы» номинациялары бойынша облыс әкімі атынан дипломдар берілді.

Форумда "Ұрпақтан-ұрпаққа" қоғамдық бірлестіктің жетекшісі А. Божанова, Жаңақорған ауданы, Кеден ауылдық округіне қарасты Аққұм ауылының тұрғыны, ІІ топ мүгедегі, қолөнерші Орал Қасиет сөз сөйледі. "Ауыл әйелінің бір күні" деген тақырыппен Жалағаш ауданының тұрғыны, малшы Қ. Қанатбаева жөнінде бейнеролик көрсетілді.

- Биылғы жылы Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлік дамыту жылы деп жарияланды. Оның кәсіпкерлеріміздің жұмысын тиімді жүргізуіне септігі тигендіктен, облыс әкімі бұны әрі қарай үш жылға созу жөнінде шешім қабылдады. Бұл ретте, өңірлік кәсіпкерлікті дамыту үшін бюджеті 32 млрд. теңгені құрайтын кешенді Жол картасы әзірленді. «Старт-ап» жобаларға 3,0 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, ауылдық жерде ауылшаруашылық кешенін дамытуға 8,8 млрд.теңге қаржы қарастырылған. 2017 жылы екі мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылықты біріктіріп, 80 коооператив құрылды. Өңірлік инвестициялық орталық арқылы облыстық бюджеттен шағын несиеге 1 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі таңда 258 жоба қаржыланды. Оның ішінде 112 жоба әйел кәсіпкерлерге тиесілі. Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» Қызылорда филиалынан 2017-2018 жылдар аралығында 2,4 млрд. теңгеге 760 несие әйел кәсіпкерлерге берілді. Қазір табысты бизнесті жүргізу үшін жақсы жағдай бар. Тек жұмыс істеу, тәжірибе алмасу және қиындықтардан қорықпау керек, - деді форум жұмысын жүргізіп отырған Қызылорда облысы әкімі орынбасары, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Руслан Рүстемұлы.

Қызылорда облысы бойынша 2018 жылдың 1 қазанына «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына 27741 қатысушы енгізілсе, оның ішінде әйелдердің меншікті салмағы 47,4 пайызды құраған екен.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Менің атым Қожа» – Лондонда!

Руханият • Бүгін, 12:09

Бас жүлдеге бергісіз жеңіс

Руханият • Бүгін, 09:42

«Ролан Гаррос» басталды

Теннис • Бүгін, 09:37

Ғылымға бетбұрыс

Қоғам • Бүгін, 09:12

Капитан қызы – Маша

Руханият • Бүгін, 08:57

Интернет қатерлері

Қоғам • Бүгін, 08:53

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар