Жұмабек Ахметұлы осы ауданның Танагүл ауылында 1915 жылдың 20 наурызында дүниеге келген. Өз заманында республиканың саяси-экономикалық, мәдени дамуына қисапсыз еңбек сіңірген қайраткер. Ел Жұмабек Тәшеновтың Маңғыстауды Түркіменстанға қосу, Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақталы аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шыққан батыр. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға да тосқауыл қоюға тырысқан.
Ел газеті «Егеменнің» бастау көзі «Социалистік Қазақстан» газетінде «Казахстанская правда» газетінің аудармасы етіп шығарудан қорғап қалған. Міне, осындай көзі қарақты, көкірегі ояу азаматтардың есінен кетпес ерлік істер жасаған Жұмабек Тәшеновтың есімі білім ордасына берілуі өте орынды. Бұл ең алдымен жас ұрпақтың елі мен жерін сүюге баулитын өнеге. Ақмола жұртшылығы жүрегі қазақ деп соққан жампоздың жақсы есімінің ендігі арада мектеп оқушыларына дем беріп, жігер құятындығына қуанышты.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы,
Аршалы ауданы.