Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел 17 м/с күшейеді.
Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.