Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2018

Үздік шаруашылыққа жаңа трактор тарту етілді

162 реткөрсетілді

Алматы облысының ауыл шаруашылық қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті.

Жетісудың аграршылары жылды толайым табыспен қортындылап отыр. Өткен 10 айдың ішінде облыста 591 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Азық-түлік өндірісінде 423 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Оның 57 млн. АҚШ доллары болатын өнімі экспортқа жіберілді, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,8 есеге көп. Ал биыл алқаптардан 440 мың тонна қызылшасы жиналып, әр гектарынан орташа 400 центнер өнім алынды.

«Мемлекет Басшысының тапсырмасын жүзегасыру мақсатында біз облыстың ауылшаруашлығына қажетті қаржылай, техникалық қолдауды үнемі жүзеге асырып келеміз. Соңғы үш жылдың өзінде озық технологиялар сатып алуға жергілікті бюджеттен 5,6 млрд. теңге бөлініп, 529 бірлік техника сатып алынды. Қазір облыста 39 сервистік дайындау орталығы жұмыс істеуде. Оларда 942 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы қызмет көрсетеді. Келесі жылы тағы 5 сервистік дайындау орталығын ашуды жоспарлап отырмыз», деді жиындағы сөзінде облыс әкімі А. Баталов.

Салтанатты шарада еңбеккерлерді облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, сыйақы мен сыйлықтар тапсырды. Ал «Үздік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші мен өңдеуші» номинациясының жеңімпазы ретінде Балқаш ауданындағы «Жақсылық» шаруа қожалығы танылып, қожалық басшысы, Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровке су жаңа «МТЗ-82» тракторының кілті табысталды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ақ халатты абзал жан

Қоғам • Бүгін, 15:14

Қоғамға белсенді жастар керек

Аймақтар • Бүгін, 15:14

«Жас жалын» топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:59

Қапастағы қолөнер

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Турнирдің финалына шықты

Спорт • Бүгін, 09:49

Халық алдында есеп берді

Қоғам • Бүгін, 09:45

Тұңғыш рет топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:40

Қаламгерлерді қуантты

Руханият • Бүгін, 09:37

Қарсыластардың осалы жоқ

Қысқы спорт • Бүгін, 09:29

Ерлік есеппен жасалмайды

Қоғам • Бүгін, 09:27

Жазғы универсиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Ортақ міндет – Отанға адал қызмет

Қазақстан • Бүгін, 09:15

«Құланнан» өрген құлындар

Аймақтар • Бүгін, 09:14

1 жылдағы белестер

Қазақстан • Бүгін, 08:48

Түркістанның түлеуі

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Шектен шыққан шиеленіс

Әлем • Бүгін, 08:33

Ұқсас жаңалықтар