Жалпы, Ұлытау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызға ие тоғыз нысан салу жоспарда бар. Бүгінде оның төртеуі іске асырылып, қалған бесеуінің құрылысы келер жылдың еншісіне қалдырылған. Олардың қатарында 50 орындық демалыс аумағының, қазақ күресі мектебі мен Қарсақбай ауылындағы стадион құрылысы бар. Аталған жобалардың барлығы да демеушілер қаражатына салынады.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы