«Алматы қалалық сотының (апелляциялық коллегиясының) 2018 жылдың 29 қарашада түскен шағымды қайтарумен байланысты 2018 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылғы 24 қазандағы «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді» делінген хабарламада.
Әліметке сай, жеке және дара кәсіпкерлердің «Qazaq Banki» АҚ-тағы салымдарда орналастырылған, ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаны өтетіп алу құқығы бар. Өтемақы жинақталған сыйақы ескеріле отырып, депозит бойынша қалдық сомасы шегінде, бірақ төмендегі ең көп кепілдік берілген сомадан аспайтын мөлшерде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың (бұдан әрі - ҚДКҚ) қаражатынан төленетін болады:
10 миллион теңге - ұлттық валютадағы депозиттер бойынша, 5 миллион теңге - шетел валютасындағы депозиттер бойынша.
Бір салымшының «Qazaq Banki» АҚ-та теңгемен де, шетел валютасымен де орналастырылған депозиттері бойынша жиынтығы 15 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде өтемақы төленеді, бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша - баламасы 5 миллион теңгеден аспайды.
Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленеді: агент-банкте ақшаны нақты алу күніне қарамастан өтемақы сомасын есептеу үшін 2018 жылғы 12 желтоқсандағы айырбастау бағамы қолданылатын болады. Салымдар бойынша сыйақыны есептеу және капиталдандыру 2018 жылғы 12 желтоқсанда тоқтатылды.
«Qazaq Banki» АҚ-тың салымшыларына «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агент-банк арқылы төлеу 2018 жылғы 24 желтоқсанда басталады.
«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агент-банкі өтемақыны алты ай ішінде төлейтін болады - 2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 24 маусымға дейін. Ол үшін жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер - «Qazaq Banki» АҚ-тың клиенттері агент-банктің Қазақстан аумағындағы кез келген филиалына немесе бөлімшесіне жүгінуге құқылы.
ҚДКҚ арнайы резерв қаражаты есебінен «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агент-банкін «Qazaq Banki» АҚ-тың салымшыларына өтемақы төлеу үшін толық көлемде ақша қаражатымен қамтамасыз етеді.
24 желтоқсаннан бастап салымшылардың өтініш беруі және өтемақы алуы үшін Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскемен қалаларындағы агент-банк филиалының және бөлімшесінің кез келген операциялық залына өтініш беруі қажет.
Тиісті құжаттарды беру тәртібі мен мерзімдерін «Qazaq Banki» АҚ-тың тарату комиссиясынан қосымша нақтылауға болады:
Алматы қ.: +7 (727) 380 39 51 телефоны бойынша немесе: Назарбаев даңғылы, 279-үй мекенжайы бойынша.
Астана қ.: +7 (717) 291 92 60 телефоны бойынша немесе: Қонаев к-сі, 14/3-үй мекенжайы бойынша («Нұрсая» бизнес орталығы), 1-2-қабаттар.
Агент-банктің филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ: www.vtb-bank.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Қосымша ақпаратты агент-банктің анықтама қызметінен: 5050 нөмірінен (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін) алуға болады.
Айта кетейік, «Qazaq Banki» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімінің негізінде барлық банктік операцияны жүргізуге лицензиясынан айырылды. 2018 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. 2018 жылғы 29 қарашада соттың шешімі бойынша апелляциялық шағым берілді. Апелляциялық шағым бойынша сот ісінің тоқтатылуына байланысты Алматы қаласының МАЭС-тің 2018 жылғы 24 қазандағы шешімі 2018 жылғы 12 желтоқсанда заңды күшіне енді.