25 Шілде, 2012

Қысастық құрбаны

572 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Қысастық құрбаны

Қолыма қалам алып, тарих қойнауына кеткен оқиғаны қаузағалы отырмын. Иә, одан бері міне, аттай 50 жылдың жүзі болды. Тарих шындықты жасырмайды, уақыты келгенде құпияның қақпағын бәрібір ашады деген осы екен. Сонымен, өткен күндердің өкінішті оқи­ғасына құлақ түрелік…

Онда елдің қоңыр күз­бен қоштасып, қы­ты­мыр желтоқ­сан­ның ыз­ғарынан ыға бастаған шағы болатын. Дәл сол күн­дері, (яғни 1962 жылы 17 жел­тоқсанда Қа­зақ елін ашулы аяз қаһарынан бетер қалтыратқан оқиға болды. Сыр бойы азаматтарына «арыз­қой», «күн­шіл», «картапаз» деген атақ сүлікше жабысты. Ел болып, ат үстінде жүрген азаматтар жұрт бетіне қарай алмай қал­ды. Бұл бір ары бар, намысы бар адам­ның бетіне түскен дақ еді. Жарты ғасыр уақыт өтсе де аталмыш қиянатты көзі көріп, куәсі бол­ған­дар әлі өкініп, еріксіз бас шайқайды.

Қолыма қалам алып, тарих қойнауына кеткен оқиғаны қаузағалы отырмын. Иә, одан бері міне, аттай 50 жылдың жүзі болды. Тарих шындықты жасырмайды, уақыты келгенде құпияның қақпағын бәрібір ашады деген осы екен. Сонымен, өткен күндердің өкінішті оқи­ғасына құлақ түрелік…

Онда елдің қоңыр күз­бен қоштасып, қы­ты­мыр желтоқ­сан­ның ыз­ғарынан ыға бастаған шағы болатын. Дәл сол күн­дері, (яғни 1962 жылы 17 жел­тоқсанда Қа­зақ елін ашулы аяз қаһарынан бетер қалтыратқан оқиға болды. Сыр бойы азаматтарына «арыз­қой», «күн­шіл», «картапаз» деген атақ сүлікше жабысты. Ел болып, ат үстінде жүрген азаматтар жұрт бетіне қарай алмай қал­ды. Бұл бір ары бар, намысы бар адам­ның бетіне түскен дақ еді. Жарты ғасыр уақыт өтсе де аталмыш қиянатты көзі көріп, куәсі бол­ған­дар әлі өкініп, еріксіз бас шайқайды.


«Өкініп» деген сөзді қайта­ла­уыма тарих таразысы дәлел­деп берген айғақ бар. …1962 жылдың 17 желтоқсаны күні төрткүл дү­ниені дірілдетіп тұрған КПСС-тің бас газеті «Правдада» «Со­ғылған карта» «Битая карта» деген фельетон жарық көрді. Оның бас ке­йіпкері Қазақ ССР-індегі Қы­зыл­орда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Сәлімгерей Тоқ­та­мысов еді. Газет азаматтың ел алдындағы ең­бегі мен ар, беделін таптап, Тоқтамысовты «картапаз» деп суайт­ша сыпаттаған. Тақы­рып­­­тың тұзы татымсыз, дәйегі дәр­менсіз, жеке адамның бір сәт­­тік пенделік әрекетіне өті­рік жала жауып, тасада жатып тас атушы­лардың мүддесін орындаған. Ме­нің бұл сөзіме шүбә келті­рушілер болса олар­дың Қазақ­стандағы 1962 жыл­ғы желтоқ­сан­ның 18-і күнгі шыққан орталық, облыстық га­зет­тері көшіріп басқан фельетонды жер­гілік­ті басылым тігін­ділерінен қарап, оқып шығуларына болады.
«Правда» газеті «картапаз» атандырған Сәлімгерей Тоқта­мы­сов кім еді? Қиянаттың қыл шылбыры мойнына түсіп, қол­дан ұйымдастырылған әрекет­тің құрбаны болған ұлтжанды  бұл азамат 1914 жылы Қоста­най облысы, Затобол ауданы, «Ақсу» ауылында дүние­ге келген. Алдымен орыс-қазақ мек­тебінде сауат ашып, еңбекке ерте араласады. Оқыған әрі бел­­­сенді жігіт жастай көзге түсіп, қоғамдық саяси жұмыс­тарға тартылады. 1941 жылы өзі туған өңірдегі Урицкий аудан­дық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланады. Бұл жұмыс­тағы іскерлігін байқаған жоғары орын­­дар ұзамай оны 1943 жылы Амангелді ауданына бірінші хатшы етіп жоғарылатады. Осы қыз­меттерде жүріп өзінің адал да саяси сауаттылығымен, ұйым­дас­тыру қабілетімен халықтың үл­кен құрметіне бөленеді.
Осылай С.Тоқтамысовтың сая­­си саладағы өрлеу сапары сә­тімен созыла береді. 1945-1949 жылдар аралығында Қостанай облыстық партия комитетінің екін­ші хатшысы қызметіне жоға­рылатылды. Одан 1949-1950 жыл­­­­дары Семей облаткомының төрағасы міндетін атқарды.
С.Тоқтамысовтың елдегі қыз­метін жіті бақылап, үнемі оң баға беріп отырған жоғары орындар оны 1950 жылы КПСС Ор­талық Комитетінің жанын­дағы жоғары партия мектебіне оқуға жіберді.Оны үздік бітіріп келген соң Сәкең 1953 жылы Орал об­лыстық партия комите­тінің бі­рін­ші хатшысы болып сайланды. Бұл облысты ол үш жыл бас­қарғаннан кейін Қазақ­стан Компартиясы Орталық Ко­ми­тетінің ұйғарымымен 1956 жылы республика Кәсіп­одақ­та­ры орталық комитетінің төраға­сы болып сайланды. Ал, 1961 жылдан жоғары­да айтылған, қол­дан құрылған «қақпанға» түс­кенше, яғни, 1963 жылдың 10 қаңтарына дейін Қы­зылорда об­лыстық партия коми­тетінің бі­рінші хатшылығын атқарды.
Азаматтың адами ажарын ай­шықтай түсетін дәлел-баяны­мыз­ды жалғастыра түсейік. С.Тоқ­­­тамысов Қазақстан Компартиясы 3-4, 5-7, 10-11 съез­де­рінің делегаты болған, көп жыл ККП Орталық Комитетінің мүшелі­гіне сайланған адам. Ол ІV-V сайланған КСРО Жоғарғы Ке­ңесінің және ІІ-ІІІ сайланған республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
С.Тоқтамысов иеленген мақ­тау-мадақтар да азамат мәртебе­сін өсіре түседі. Оның туған елі­нің гүлденуі үшін төккен терін ба­ғалап, партия мен үкімет оны Ленин, Еңбек Қызыл Ту, І-ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденде­рі­мен, әлденеше медальдармен марапаттады. Міне, осылардың өзі-ақ Сәкеңнің Қа­зақ­станның қажырлы қайрат­кер­ле­рінің бірі екенін айқындай түс­се керек.
Ендеше, осындай шындық бә­секесінде шыңдалған, өмір тә­жі­рибесі толысқан, халық қалау­лы­сы кенет қалай шоқ басты, қыр­сықтың қыл шылбыры қалай түсті мойнына? Енді осы жарты ғасырдан бері жабулы жатқан жұмбақтың қақпағын ашып көрейік.
Елуінші жылдардың соңын ала елді билеп тұрған Н.С Хру­щевтің аласапыраны басталды. Сол кездің тілімен айтқанда СССР-де халық шаруашылығын басқарудың лениндік нормалары бұзылды. Мәселен, Қазақстанда қос обком, өлкелер, өндірістік басқармалар жасақталды. Аупарт­­­­комдар тарап, ауыл шаруашы­лығы өндірістік басқармала­ры­ның жа­нын­дағы партком болып қалды.
Осы құрылымның арқасында ҚКП Орталық Комитетінің қа­тардағы хатшысы Ысмайыл Юсу­пов Оңтүстік Қазақстан (Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстарын біріктірген) өлкелік партия коми­те­­­тінің бірінші хатшылығына сайланды. Жеке лауазым тізгіні қолына тиген соң ол Одақты иіріп, өргізіп отырған Н.­­С.Хру­­­щевтің қолтығына кіріп, сені­міне енудің алуан айла-шар­ғысына кірісті. Жағым­паздықты жалпақшешейліктен бастады. Елі­міздің ең құнарлы аймағынан 4 ауданды Өзбекстанға беру жө­ніндегі ұсыныстың бастамашысы болды. Осындай «жомарт­тығымен» Кремльге жаққан Ы.Юсуповтың дегені болып, ол Қазақстан компартиясы Орта­лық Комитетінің бірінші секретары болып сайланды да Д.А.Қонаев Министрлер Кеңесі жұмысына ығыс­ты­рылды.
Қуатты қол­даушы­ның арқа­сында таққа отырған Ы.Юсупов қа­зақтың көрнекті қай­раткер­лерін қудалап, өзінен бұрынғы бас­шының кадрларына жа­зықсыз күйе жағу, тырнақ астынан кір іздеу арқылы ел бас­қар­ған азаматтардың қаһарын, қал­тырату, сөйтіп, бедел жинау әре­кетін алға қойды. Сол мақсатпен ал­ғаш­қы кезде суармалы егін­шілік дамымай, мал шаруа­шылығы табысты салаға айналмай, экономикасы арт­қа тартып тұрған Қы­зылорда облысына шүй­лікті. Бірден осы өңірдің исі қазаққа беделді, танымал басшысы С.Тоқтамысовты аяқтан шалу үшін оның үстінен шұғыл «арыз» түсіріп, дереу «былық­ты» тексеретін комиссия жіберді. Комиссия Сәкеңнің жеке басынан қо­ғам­ға келті­рілген кінәрат таппаған соң Ы.Юсупов басқа айлаға көшіп, «Правда» газетіне С.Тоқ­тамысов «картапаз» деп фельетон жаздыруға мәжбүр болды.
Енді куәгерлердің сөзіне кезек берейік. Бұған өз басым газет материалдары мен С.Тоқтамы­сов­тың сол кездегі көмекшісі, ол карта «ойнағанда» қасында бол­ған, қазір Қызылордадағы Қор­қыт ата университетінің профессоры, Қуандық Әлімбетовтің өзі көзімен көрген, куәгер болған анықтамасы және менің, осы жолдар авторының облыстық ра­дионың тілшісі ретінде «карта­паздардың» тағдырын шешкен обкомның пленумына қатысқан­дағы көргендерім негіз болады деп айта аламын. Алдымен хат­шының көмекшісі Қ.Әлімбе­товтің анықтамасын келтірелік.
«Бұл жақтан ешкім арыз жаз­баған. Комиссия бізге арызды кім жазғанын айтқан да, тіпті көр­сеткен де жоқ. Бірде Тоқта­мысов Қазалы ауданынан оралып, жолай Жалағаш ауданына соқты. Қа­сында мен болдым. Аудан­дық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Тасыбаев Сәкеңе (Тоқтамы­сов­қа): «Yйге жүріп қонақ болыңыз, келініңіз дастарқан жайып күтіп отыр, Сәкең де (облатком төрағасы С.Оспанов – Ө.Ж.) келеді», – деп қайта-қайта қиылды. Бастық дастарқанды аттап кетпейік деп келісім берді. Шай ішіп, шөл басқан соң, уақыт өткізу үшін үй иесі шахмат ойнауды ұсынып еді, оны білетін адам шыға қоймады. Сосын тез бітетін күліс ойнауға кірістік. Карта ой­науға мен, фельетонда жазылған Адамов, Ілиясов қатысты. Бас­тығым (Тоқтамысов) бұл ойынды білмеймін деп диванда жатып газет оқып, демалды. Карта ойнаған жоқ. Бас-аяғы екі сағат­та тұрып кеттік. Оспанов біз кеткенше келген жоқ. Yй егесі, «карта ойнатқан» Б.Тасыбаев та осыны қазір растайды: «Мен өзім карта ойнаған жоқпын. Қонақ күтіп, қолым тимеді, ал Тоқта­мысов тіпті ойынға қатыс­қан жоқ. Диванда жатып демалды», дейді.
Осы жерде фельетон жолдарын тағы бір оқиық: «…Болтай Тасыбаев Сәлімгерей Тоқтамыс­ұлымен танысқанға дейін қолы­на карта ұстап көрмеген және мұндай іспен әуестігі болмаған жан екенін айта кетейік». Міне, осы жолдардың өзі-ақ ақша ұта­тын құмарпаз ойынның болға­нына күмән келтіреді.
Уақыт ашқан шындық – ке­зінде ешкімнен бұл жөнінде жаманат арыз жазылмаған. Бұл обкомның бюро мүшелері арасынан шыққан іші тар күншіл­дердің әрекеті. «Карта ойыны» да жоғарыға жағынған­дар­­дың пасық пиғылы мен қол­дан жасалған арамдығы болатын.
Енді «Правда» газеті дабылына байланысты дәйектемеге ке­лейік. 1963 жылдың 10 қаң­тары күнгі күндізгі сағат 15-те Қызыл­орда обкомының V пленумы болды. Оған Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Ы.Юсупов келіп қатысты.
Пленумды облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы С.Тоқтамысов ашып, КПСС Орта­лық Комитетінің ноябрь (1962 ж.) Пленумының қорытынды­ла­ры және облыс партия ұйым­да­ры­ның міндеттері туралы об­ком­ның екінші хатшысы П.­Т.­Шу­­шарин баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мә­селе бойынша “Қызылорда об­лыстық партия комитетінің жұ­мысындағы елеулі кемшіліктер жөнінде» Ы.Юсупов хабарлама жасап, жұл­қына сөйледі. Ха­лық шаруашы­лығы салала­рын­дағы және пар­тиялық-ұй­ым­дастыру жұмы­сын­да­ғы ора­лымс­ыздық­тар­ды талдай келіп, облыс бас­шыларының жер же­біріне жетті. Сонан кейін «Правда» газетін­дегі фелье­тон­ға тоқ­талып, «кар­тапаз­дар­дың» өрес­кел әрекетін түгел мойын­даған­да­рын, олар­дың бәріне қатаң пар­тия­лық жаза берілгенін хабарлады.
Жарыссөзге 7 адам шықты. Бәрі бір ізбен, жаттанды жамандауды қайталап, құдыққа құлаған құланды жан-жағынан төпелеу­мен болды. Бірінші болып сөз алған Қазалы аудан­дық өндірістік басқармасы парт­ко­мының хатшысы Ә.Бай­шуақов пен «Қызылту» кол­хозының төр­ағасы Ж.Азаматов облыс басшылары егіншілікті әбден тұра­латты деп етектен тартатын факт­ілерді тізіп шық­ты. Сөзде­рінен бірыңғай жа­ғым­паз­дықтың айқын лебі есті. Қар­мақшы аудандық өндірістік бас­қармасы парткомының хатшысы И.Әбдікәрімов сын садағын облатком төрағасы С.Оспановқа сілтеді.
– Жолдас Оспанов, – деді ол. – Сіз осы жердің тумасысыз. Көптен осында басшы жұмыста келесіз. Облыс экономикасын көтеруде іскерлік танытпайсыз, енжарсыз. Кейде ішімдікке бой ұрып, облыс басшыларының ара­сында араз­дық тудырып, іріткі саласыз.
Өзге сөйлеушілер де комис­сияның алдын ала үркітіп, дайындап қойған жаттанды ше­шен­дері еді. Антты бұзбай бәрі бір адамды жамандап шықты. Тек пединститут ректоры, ға­лым Ә.Ермеков қана жала жабылып отырған қайрат­кердің жақсы жақтарын айтып, азаматты ауыр жазадан арашалауды ұсынды.
Пленумды Ы.Юсупов қо­ры­­тып, обкомның бірінші хатшысы С.Тоқтамысов жұмы­сынан босатылып, партиялық сөгіс берілсін деп кесім айтты.
Иә, осындай да қиянат бол­ған. Бұдан кейін С.Тоқтамысов Жамбыл облысындағы «Кен­дір» совхозын басқаруға жі­берілді. Бұл жерде де ол өзінің іскерлігін танытып, шаруа­шы­лықты аз жыл­да алға шы­ғарды. Сосын ұзамай қайрат­керлігімен таныл­ған азамат Жамбыл облатком төрағасы­ның бірінші орын­басар­лығына жоғарылатылды. Осы қызмет­тен 1975 жылы одақтық дәре­жедегі құрметті дема­лысқа шықты. Сөйтіп, дү­ние­ден оз­ғанша адал­дық­­тың ақ туына дақ түсірген жоқ.
Өтеген ЖАППАРХАН,
Қазақстанның құрметті журналисі, еңбек ардагері.
Қызылорда.