Бұл жарыста 12 мемлекеттің өрендері өзара шеберлік байқасады. Қазақстан құрамасы Латвия, Швеция, Ұлыбритания, Швейцария және Канадамен күш сынасады. Ал келесі топта Ресей, Венгрия, Жапония, Чехия, АҚШ және Словакия құрамалары өнер көрсетеді.
Жерлестеріміз өздінің алғашқы кездесуін 2-наурызда Балтық жағалауы елі өкілдеріне қарсы өткізеді. 4-наурызда Скандинавия түбегі түлектерімен сайысқа түсеміз. 6-наурызда Британия аралдарының хоккейшілерімен шеберлік байқасамыз. 6-наурызда Швейцарияның шамасын байқап көрсек, 9-наурызда Үйеңкі жапырақтар елінің өрендерімен айқасамыз.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»