Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Болат Бақауов   «Data орталық» ашуға ниетті Камбоджа елінен келген инвесторлармен жүздесті.

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

Камбоджалық  «Мұрагер ханзада»  компаниясы әлемдегі алпауыт бизнес құрылымдардың бірі саналады. Біздің елімізде бұл компания  «АқМол» кәсіпорнымен серіктестік жұмыс жасауда. Жаңа технологиялар саласында әлемдік деңгейде белгілі «Мұрагер ханзада»  Қытай, Лаос сияқты мемлекеттерде ақпараттарды сақтап, өңдеуге мүмкіндік беретін 40-тан астам «Data орталық» салған.

Бұл жобаларға 1,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған.  Компания өкілдерінің таңдауы электр энергиясына бай Екібастұзға түсіпті. Ал, «Data орталықтың» жұмысына 1 мың МегаВатт көлемінде энергия қажет көрінеді. Екібастұзға қазір мол энергияны таратуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым керек.

Болат Бақауов бұндай  үлкен бизнес, жақсы мақсат үшін  жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді. Ал, камбоджалық кәсіпкерлер тарапынан бұл мақсат үшін инвестиция құю туралы шешім қабылданса,  жобаның жүзеге асырылуын  облыстық әкімдік барынша қолдайды.

Кездесу соңында компания өкілдері  жобаны жан-жақты саралап, тиісті шешім қабылдайтындарын жеткізді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Соңғы жаңалықтар

Балық шаруашылығында береке бар

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

Бір секундта қан тоқтатады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Құрылтай қуаты

Пікір • Бүгін, 09:10

Айдағы қонақүй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Тоқыма тылсымы

Көрме • Бүгін, 08:40

Энергетикалық нысандарды аралады

Энергетика • Бүгін, 08:35

Бес минуттың әсері

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30