Үкімет • 14 Желтоқсан, 2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

513 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атынан мемлекеттік қызметкерлерге және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, мемлекеттік және қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттарды табыстады.

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы И. Әбішев марапатталды. «Парасат» ордені «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеевке, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Жақыповаға, Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетовке, ҚР Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі С. Кенесаринге табысталды. «Құрмет» ордені Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Е. Көшербаевқа, Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б. Төкежановқа, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы Ә. Ахметжановқа, Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы А. Жұмабековке, әділет министрінің орынбасары Ж. Ешмағамбетовке, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленовке, қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұловқа, білім және ғылым вице-министрі Б. Асыловаға, Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А. Надырбаевқа, сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің бас сарапшысы Ш. Шахайға табысталды.

Марапаттау рәсімі барысында Бақытжан Сағынтаев «Ерен еңбегі үшін» медалін Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы А. Пірімқұловқа, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторлары Қ. Қалибековке, Д. Сапановқа, А. Сарсенбинаға, ҚР Премьер-Министрі Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі Д. Нәкеноваға және т.б. табыстады.

Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен, «Астана 20 жыл» меретойлық медалімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен марапатталды.