Қазақстан • 17 Желтоқсан, 2018

Шортанды ауданында Абылай ханға ескерткіш орнатылды

850 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тəуелсіздік мерекесінде Шортанды ауданында Абылай ханға ескерткіш орнатылды.

Шортанды ауданында Абылай ханға ескерткіш орнатылды

Тыңның эпиценті болып, қазақы болмыс қағажу қалған өңірде Алаштың асып туған перзенті – Абылай ханның ескерткіші ел еңсесін көтеруге септігін тигізбек. Бұл да елдің рухани жаңғыруының, өткенінің өнегелі жолдарын іздеп, тылсым тарихтың тұңғиығындағы тарихи тұлғалардың қайта түлеген соныдан жаңғырған соқпағы деуге әбден болады.

Ұлы ханның ескерткішінің ашылуына аудан тұрғындары көптеп жиналды. Шашу шашылып, ақ тілектер айтылды. Алты Алаштың баласының болашағы үшін ат жалында ғұмыр кешкен Абылай ханның айбарлы кескіні қылаулап жауған ақ қардың астында өзгеше реңмен тартымды болып көрінеді екен. Қияға көз тіккен кемеңгер хан тәуелсіз елінің болашағын бағып тұрғандай. Өзі мұрат еткен кемел келешектің кесімді шешімін айтатындай.

Бұл бір ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Негізінен, жергілікті ұлт аздау қоныстанған аудан жаңа жаңалықпен қанаттанып, республика жұртшылығы үшін ең қасиетті мерекенің барысында кенен жақсылықпен жарылқанып, бір жасап қалды.     

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Шортанды ауданы