Руханият • 18 Желтоқсан, 2018

Алматыда «Сиқырлы әуендер» киноконцерті өтті

182 реткөрсетілді

Алматыда қалалық әкімдіктің қолдауымен Ресей, ТМД елдеріндегі Дисней компаниясы және «Болашақ» корпоративтік қорының  ұйымдастыруымен «Сиқырлы әуендер» киноконцерті өтті. Ерекше жанрда өткен киноконцерт аутизм анықталған және ерекше қажеттіліктері балаларды әлеуметтендіруге бағытталып отыр.

Балаларға арналған ғажайып кеш барысында қала әкімі Бауыржан Байбек  Тәуелсіздік күніне арнайы құттықтауын жолдай отырып, қайырымдылық шараның қатысушыларына «Сиқырлы әуендер» балалар арасында классикалық туындыларды Дисней фильмдерінен таныс кейіпкерлер арқылы дәріптей отырып, ерекше қуаныш сыйлатындығын атап өтті. Қала басшысының айтуынша, билет сатылымдарынан жиналған қаражат «Болашақ» корпоративтік қорымен «Әрбір бала мектепке лайық» және «Сапар гранттары» жобаларын қолдауға бағытталатын болады.

Бүгінде ДДҰ деректері бойынша Қазақстанда  аутизм анықталған 35 мыңға жуық бала бар. «Болашақ» корпоративтік қорының қайырымдылық қолдауымен Қазақстанның 9 қаласында 20 инклюзиялық қолдау бөлімшесі ашылып, 800-ден астам денсаулық сақтау және білім беру мамандары оқытылған. Жыл басынан бергі аралықта қор тарапынан инклюзивті 4 көрсетілім өткізілген.

Ресей мен ТМД елдеріндегі Дисней компаниясының бас атқарушы директоры Марина Жигалова-Озкан аутизм спектрінің бұзылуы анықталған балаларға арналған киноконцерт өткізу үлкен қайырымды істерге арқау болатындығын жеткізсе, «Болашақ» корпоративтік қорының директоры  Динара Чайжунусова бұл кеште балалар сиқырлы әуендерді тыңдап қана қоймай, талантты балалардың әртүрлі байқауларға қатысуына, бірлесе мақсаттарға жетуіне мүмкіндік береді деп атап өтті.

«Сиқырлы әуендер» кешінде «Суық жүрек», «Арыстан патша», «Су перісі», «Ару мен құбыжық», «Мулан», «Аладдин» және «Покахонтас» анимациялық филмдерінен  орындалған композициялар тыңдаушыларға расында да сиқырлы бір әлемнің ғажайыптарына жетелеп кеткендей әсер қалдырды. Анимациялық фильмдердің әуендерін Александр Беляковтың басшылығындағы Алматы әкімдігінің эстрадалық-симфониялық оркестрі орындады.

Дисней компаниясы Лондон, Токио, Париж, Мәскеу және тағы да басқа қалаларда осы мазмұндағы концерттер өткізуде. Киноконцертте орындалған саундтректер есімдері әлемге белгілі Ханс Циммер, Алан Менкен и Джери Голдсмит сияқты композиторлардың шығармаларынан алынған. Алматыдағы киноконцертте екі мыңнан аса көрермен жиналды. Бес жүзден астам билеттер ерекше мұқтаждыққа зәру балаларға бөлінді.  

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаевтан қалған бағалы шежіре

Аймақтар • Бүгін, 10:09

«Shymkent Bus» автобус паркі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:07

Бір күндік жалақыларын аударды

Қазақстан • Бүгін, 09:59

ҰБТ сынағы қалыпты өтуде

Қазақстан • Бүгін, 09:55

БАҚ өкілдерін құттықтады

Қазақстан • Бүгін, 09:52

Тұтас ұлттың тұғыры

Әлем • Бүгін, 09:48

Ақжайықтағы археология алаңы

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Go Viral: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын

Қазақстан • Бүгін, 09:31

Көмек көрсетуге шақырды

Аймақтар • Бүгін, 09:24

Өткінші дүние

Руханият • Бүгін, 09:21

Төрлетіңіз, Би-аға!

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Аманбай мен Жаманбай

Руханият • Бүгін, 09:04

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 08:59

Ұқсас жаңалықтар