Үкімет • 19 Желтоқсан, 2018

Еңбектері еленді

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың атынан мемлекеттік қызметкер­лерге және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, мемлекеттік және қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттарды табыстады. 

Еңбектері еленді

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені­мен Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігі Су ресурстары ко­ми­тетінің төрағасы И.Әбішев марапатталды. «Парасат» ордені «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ.Есекеевке, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыповаға, Ин­вестициялар және даму м­и­нистр­лігі Құрылыс және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­­шылы­ғы істері комитетінің төр­аға­­сы М.Жайымбетовке, Премьер-Министрдің штаттан тыс кеңес­шісі С.Кенесаринге та­быс­тал­ды. «Құрмет» ордені Сырт­қы істер министрлігінің жауап­ты хатшысы Е.Көшербаевқа, Ден­саулық сақтау министр­лігі­нің жауапты хатшысы Б.Төке­­жановқа, Қорғаныс және аэро­ғ­арыш өнеркәсібі министр­лігі­нің жауапты хатшысы Ә.Ах­метжановқа, Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы А.Жұмабековке, Әді­лет министрінің орынбасары Ж.Ешмағамбетовке, Ұлт­тық эко­номика бірінші вице-ми­нистрі Р.Дәленовке, Қаржы вице-министрі Б.Шолпанқұловқа, Білім және ғылым вице-министрі Б.Асыловаға, Инвестиция­лар және даму министрлігінің Геоло­гия және жер қойнауын пай­да­­ла­ну комитетінің төрағасы А.На­дыр­баевқа, сонымен қатар Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің бас сарапшысы Ш.Шахайға табысталды.

Марапаттау рәсімі барысында Бақытжан Сағынтаев «Ерен еңбегі үшін» медалін Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төраға­сы А.Пірімқұловқа, Пре­мьер-Министр Кеңсесінің бас инс­пек­торлары Қ.Қалибековке, Д.С­а­пановқа, А.Сәрсенбинаға, Премьер-Министр Баспасөз қы­з­меті­­нің сектор меңгерушісі Д.Нә­­ке­но­ваға және т.б. табыстады.

Сонымен қатар бірқатар мем­лекеттік қызметкер Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Астанаға − 20 жыл» меретойлық медалімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және Премьер-Министрдің алғыс хатымен марапатталды.