Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018

Ақтауда алып ойын-сауық кешені ашылды

1873 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлемі ұлғайып, тұрғындар саны артып, жылдан жылға қанатын кеңге жайып келе жатқан Ақтау қаласында тағы бір алып нысан қатарға қосылды.

Ақтауда алып ойын-сауық кешені ашылды

Бұл – ақмаржан Ақтау қаласының ажарын асыра түсетін «Ақ Қала Молл» сауда ойын-сауықтық кешені. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тұсауы кесілген 23 мың шаршы метрді құрайтын 5 қабатты ғимаратта 17 мың сауда орны, гипермаркет, фудкорт,  бес залды кинотеатр, 2 қабатты қамтитын 2,5 мың шаршы метрлік балалар паркі және аумағы 350 шаршы метрлік болатын Қазақстандағы ең ірі контактты зообақ ашылмақ. Жаңа форматтағы сауда ойын-сауық орталығында биіктігі 23 метр болатын сарқырама орнатылады. Сауда орталығында 300 орындық жерасты автотұрақ болады.

Ғимараттың ашылуы тұрғындардың және қала қонақтарының қатысуымен салтанатты жағдайда атап өтілді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы