Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018

Илья Ильин де Дохадағы додаға қатысады

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Дохада ауыр атлетикадан «Катар кубогы» деп аталатын 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирі басталады.  

Илья Ильин де Дохадағы додаға қатысады

Айтулы турнирде Илья Ильин де бақ сынайды. Үлкен спорттан шеттетілу мерзімі аяқталғаннан кейін даңқты зілтеміршіміз әлі бірде-бір халықаралық жарысқа қатысқан жоқ. Биыл ол Ашхабадтағы әлем чемпионатында өнер көрсетуге тиіс еді. Алайда жарақатының асқынуына байланысты ең соңғы сәтте Ильин байрақты бәсекеге қатысудан бас тартты. Ал Дохадағы додада ол 109 кило салмақ дәрежесінде күш сынасуды құп көріп отыр.

Илья Ильинмен қатар «Катар кубогы» жолындағы жарыста Арли Чонтей (61 кило), Игорь Сон (61 кило), Фархад Харки (67 кило), Нижат Рахимов (73 кило), Айдар Қазов (81 кило), Рүстем Сыбай (96 кило), Карина Горичева (64 кило) және Раушан Мешітханова (87 кило) сынды спортшылар шеберлік байқасады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»