Руханият • 20 Желтоқсан, 2018

Эпикалық кейіпкер жасаудың шебері

806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде елімізге белгілі суретші және қазақтың қару-жарақ этнографиясын зерттеуші-ғалым Қалиолла Ахметжанның «Миф. Эпос. Тарих» атты жеке көрмесі өтті.  

Эпикалық кейіпкер жасаудың шебері

Қалиолла Саматұлы – Санкт-Петербург қаласында ор­наласқан И.Е.Репин атын­дағы Кескін­деме, мүсін және архитектура инс­титутының түлегі және қазақтың әскери дәстүрлі қару-жарақ тарихын зерттеп жүрген білікті маман. Аталмыш сала бойынша автор 100-ден аса ғылыми-танымдық мақала және үш үлкен монография жазған. Суретшінің көркем туындылары қазір Англия, АҚШ, Швеция, Пәкістан, Жапо­ния, Германия, Иран, Қытай, Түр­кия және Ресей елдеріндегі жеке коллекциялар қорында сақ­таулы тұр.

Этнограф-суретшінің осы жолғы  көрмесіне 120-дан астам туын­ды көрермен назарына ұсы­нылған екен. Атап айтқанда, «Қазақ халық ертегісі» және «Сырт­тандар» мультфильміне жасаған эскиздері, қазақ жа­уынгерінің ХVІІІ ғасырдағы қорғаныс жарақтары (дулыға, кіреуке, шарайна, жауынгерлік жеңсе, тізелік), сондай-ақ көшпенділердің орта ғасырда қолданған жауынгерлік жәді­герлердің археологиялық жә­не иконографиялық жаң­ғыртпасы, Ғұн сарбаздарының киімі мен қару-жарағының реконструкциясы, археологиялық материалдар бойынша жасаған сақ жауын­герінің киімі мен қару-жарақ кешені, сонымен қатар еркін тақырыпта фольклорлық образдар негізінде жазылған көркем кескіндер: «Байшұбар», «Тайбурыл», «Шалқұйрық», та­ғы басқа картиналары бар. Бұ­лардан басқа шебердің ғы­лыми еңбектері мен автор­лық қолжазбалары да көрме төріне орналасыпты.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 

«Егемен Қазақстан»