Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда башқұрт балы жәрмеңкесі өтуде

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Калашников омартасынан алынған башқұрт балының көрмесі барысында  петропавлдықтарға дәмділігімен қоса адам ағзасына өте пайдалы балдың 22 түрі ұсынылды.

Солтүстік Қазақстанда башқұрт балы жәрмеңкесі өтуде

Анастасия Екимова бал жәрмеңкесін үнемі асыға тосады. Кейуана зейнетақының бір бөлігін бал сатып алуға жұмсайды. Өзін үнемі сергек, тың сезінетіні, ауырмайтыны да сондықтан. Таулы, жабайы, прополис, жаңғақты бал түрлері үлкен сұранысқа ие. Мәселен, «Кандык» деп аталатын бал гипертония ауруына шипасы мол.  Қабылдаған дәрі-дәрмектен кейін ағзаны тез қалыпқа келтіреді.

«Бал сапасымен ерекшеленсе, халваның дәмділігі тіл үйіреді.  Анамның жүрегі  көптен бері ауырады. Сондықтан да табиғи өнімдерді алуға тырысамын», дейді тұрақты тұтынушылардың бірі Екатерина Киртянова.

Сатушы Анастасия Екимованың айтуынша, «Жеті емдік шөп» балы Бурдзян қорығында жиналады екен. Жүрек-тамыр, қан қысымына пайдасы зор. «Амур барқытының» құрамында табиғи йод көп болғандықтан, сүйектің қатаюына көмектеседі. Мамандар диабетке шалдыққандар үшін «Ақ акацияны» алуға кеңес береді. Бағасы әрқилы. 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін.

Балдың кез келген түрі тұмау ауруларының да алдын алуға септеседі. Калий, фосфор, амин қышқылы,  тағы басқа дәрумендер молынан кездеседі.

Башқұрт балының жәрмеңкесі 29 желтоқсанға дейін созылады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы