Оған ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқарма академиясының ректоры Фатима Жақыпова, мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподақ төрағасы Мерболат Жақыпов, облыстық мемлекеттік және құқыққорғау органдарының басшылары, арнайы бақылау топтарының мүшелері мен қоғам өкілдері қатысты.
«Тәуелсіздік алған күннен бастап мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты тамырымен жоюдың жоспарлы саясатын жүргізіп жатыр. Соңғы жылдары тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою үшін мемлекеттік қызметтердің дені электронды форматта жүргізілуде. Ақтөбеде осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасайды, көші-қон қызметтері орталығы мен бір жылдан астам уақыт бұрын азаматтар 600-ден астам мемлекеттік қызмет түрлерін ала алатын «Халықтық кеңсе» ашылды. Биылдан бастап «Халықтық кеңсе» 350 мыңнан аса адамға қызмет көрсетті. Біздің басты міндетіміз – Президенттің сыбайлас жемқорлықты тамырымен жою бойынша барлық тапсырмасын сапалы орындау, сол үшін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам бірлесе жұмыс істеулері керек. Сонымен бірге, балаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген маңызды»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сәлемдесу сөзінде.
Өз кезегінде Алик Шпекбаев Ақтөбе облысындағы антикоррупциялық жұмыстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары бағасын берді.
«Біз облыс әкімімен бірге «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылуына қатысып, жарғысына қол қойдық. Оның басты мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түбегейлі тамырымен жою. Бұл болашағы зор жоба және мен оны сапалы жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен қатар, қоғам өкілдері де белсенді түрде қатысады деп сенемін. Жалпы, екі күндік жұмыс сапарымның қорытындысында Ақтөбе облысындағы антикоррупциялық қызмет жүйелі және кешенді сипатқа ие деп айта аламын. Бұған биылғы жылдың 11 айының нәтижесі бойынша облыстағы сыбайлас жемқорлық деңгейі еліміз бойынша ең төмен екендігі дәлел», - деді агенттік басшысы.
Шараның жалғасында Б.Сапарбаев пен А.Шпекбаев облыстағы антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан ақтөбеліктерді алғыс хаттармен марапаттады.
Сондай-ақ, «Адал жол» марафон-эстафетасы мен журналистер арасындағы «Үздік антикоррупциялық материал» облыстық байқауы қорытындыланды. Түрлі аталымдар бойынша «Қазақпарат» ХАА тілшісі Самал Ендібаева, «Хабар-24» телеарнасының тілшісі Ақсәуле Бәйменшине, «Ақтөбе» газетінің тілшісі Айрайлым Нұрбаева, «Bnews» ақпараттық сайтының тілшісі Баян Сағымбаева жеңімпаз атанды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің үздік қалалық, аудандық әкім апппаратын анықтайтын басқа байқауында Қобда, Байғанин және Темір аудандары жүлделі орындарға ие болды.