![Шекара бөлімшелеріне Ер Қосай мен Исатай батыр есімдері берілді](/article_photo/1545465924_article_b.jpeg)
Каспий теңізінің аумағындағы мемлекеттік шекарамызды қырағы күзетіп отырған ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жағалау күзеті өңірлік басқармасына қарасты бөлімшелерге ұлттық тұлғалардың есімі берілуі салтанатты жағдайда аталып өтті. Оларға Құрманғазы және Исатай аудандарының басшылықтары да қатысты.
- Құрманғазы ауданында орталығы Ганюшкиннен бастап, Киров, Дәріш ауылдарының да атаулары өзгертілді. Идеологиялық жағынан ескірген атаулар өзгертіліп, олардың орнына тарихи мәні бар жер-су аттары мен лайықты деп табылған тұлғалардың есімдері қойылып жатыр, — дейді Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика және көрнекі ақпаратқа бақылау жасау бөлімі бөлімінің басшысы Жеміс Дияшева.