Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Ұлы даланың руханияты ұлықталды

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Ұлы даланың руханияты» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай құнды жәдігерлеріміз жайында мәнді мәліметтер беріліп, үлгілері қойылды.

Ұлы даланың руханияты ұлықталды

«Ұлы даланың руханияты» атты көрмеге қойылған еңбектер – университеттің «Тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің» бейнелеу өнері, сызу және дизайн кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің жұмыстары. Басты мақсат – Евразия кеңістігін мекендеген түркі тайпаларының әлемдік өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту, сонымен қатар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын студент жастарға насихаттау.

Көрме Елбасы мақаласында атап өткен атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны, және де тарихи сананы жаңғырту тармағында айтылған барлық ойлар мен тапсырмалар көрініс тапқан.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»