Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018

Ел игілігін еселеген келісімдер

379 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2018 жылы бірқатар алыс-жақын шетелдерге мемлекет­тік, ресми және жұмыс сапар­лары­ның әрқайсысында Қазақ­стан Президенті еліміздің бүгіні мен ертеңіне қатысты ма­ңыз­ды келіссөздер өткізіп, олар­дың қорытындылары бойын­ша жүздеген келісімге қол қойылды.

Ел игілігін еселеген келісімдер

2018 жылы еліміздің сыртқы сая­сат­­тағы саяси-экономикалық серпі­лісі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Амери­ка Құрама Штат­тарына сапарынан басталды. Вашин­г­тонда Ақ үй басшысы Дональд Трамп­пен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев екі­жақты қарым-қатынастың және халық­аралық күн тәртібінің өзекті мәсе­лелерін талқылады. Елбасы Қазақ­стан АҚШ-ты сенім­ді серіктес, әлеуетті әріп­тес санай­тынын айтты. Өз кезе­гін­де Д.Трамп АҚШ тарапы Қазақ­стан­ды Орталық Азия өңі­ріндегі бола­шағы зор, страте­гиялық әріптес деп есеп­тейтінін мәлімдеді. 

Наурыз айын­да Біріккен Араб Әмі­р­ліктеріне сапар­лаған Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Даби­­дің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмір­ліктері Қарулы күштері­нің Жоғар­ғы Бас қолбасшысының орынба­сары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесудің экономи­ка­лық бәсі жоғары. Өзара уағдалас­тықтарды іске асыру­дың арқасында тек 2017 жылы сауда-сат­тық көлемі 2 есе өсіп, 374 миллион доллардан 643 мил­лион долларға дейін жеткен. Ал 2015 жыл­дан бастап бұл көрсеткіш 6 есе артқан. 

Мемлекет басшысы мамыр айында Ресейдің Сочи қала­сында өткен Жоғары Еура­зия­лық экономикалық кеңестің кезе­кті отырысына қатысты. Сон­дай-ақ Елбасы Ресей Прези­денті Владимир Путинмен кездесіп, бірқатар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы өткен жылы ЕАЭО-ның өзара сауда көлемі сәйкесінше 24,4-26,1 пайызға ұлғайғанын еске салды. Сонымен қатар Нұрсұл­тан Назарбаев оң динамика­ның осы жылы да сақталып отырған­дығын баса айтты. Енді кейбір цифрларға тоқталар болсақ, Еура­зия­лық экономикалық одақ шеңберінде 2017 жылы өзара тауар айналымы 54,2 млрд АҚШ долларын құраған. Ал одақтың үшінші елдермен сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 633,8 млрд АҚШ долларына жеткен. 

Ал маусым айының бел ортасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет­тік сапармен Қытай Халық Рес­пуб­ликасына барды. ҚХР Төр­аға­сы Си Цзиньпинмен ресми кез­десу өтті, ортақ жобалар тал­қыланып, болашаққа негізделген бағыт-бағдар айқындалды. Жалпы, Қытай Қазақстанға тікелей инвестиция құю көлемі жөнінен 4-орынды иеленеді. 2017 жылы екі ел арасын­дағы тауар айналымы 10,5 миллиард долларға жетіп, 33 пайызға өскен. Бұл жердегі өсім 30 пайыздан асқан.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 24 тамызда Түрікмен­станның Түрікменбашы қаласын­да Орталық Азия мемле­кет­терінің бас­­шы­­ларының қаты­суымен өткен Халық­­­­аралық Арал­­ды құтқару қоры­ның форумына қатысты. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 25 жыл бұрын өзі бастамашы болған қордың қатысушы мемлекет­тері басшыларының саммитінде ұтым­ды ұсыныс­тарын ортаға салды. 

Қыркүйекте Түркия Республи­к­а­сына ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердо­ғанмен кез­десті. Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті. Кездесуде бауыр­­лас елдер басшылары екі­жақ­ты ын­ты­мақтастық­тың және сау­да-экономикалық қаты­­нас­тар­ды нығайтудың өзек­ті мәсе­­лелерін талқылады. Сапар қоры­тындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ны­ғай­татын бірнеше құжатқа қол қойылды. 

Сауда айналымы жөнінен Түркия Қазақстанның страте­гиялық серіктес­терінің алғашқы онды­ғына кіреді. Екі ел ара­сын­дағы тауар айналымы 2017 жылы 27 пайызға өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына жуықтаған. Ал бұл жол­ғы сапар барысында құ­ны 2 миллиард дол­ларға жуық ком­мерциялық жоба­ларға қатысты келісімдерге қол қойылды. 

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен тағы бір шара – Душанбеде ұйымдастырылған ТМД сам­миті. Отырыста Қазақстан Пре­з­и­денті ТМД аясындағы қа­рым-қаты­нас­тарды нығайтып, да­мыту үшін атқарылған жұмыс­тардың нәтижелеріне тоқтал­ды. Сондай-ақ ұйымды рефор­малау және Достастықтың тұжырым­дамалық құжаттарын жаңарту жо­лында қолға алынып жатқан ша­ра­лардың тиімділігін атап өтті. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев қазан айын­да Финляндия Рес­пуб­лика­сы­на ресми сапармен барды. Финлян­дия Президенті Саули Нии­нистё және іскерлік топтардың, жете­к­ші компаниялардың басшылары­мен кездесуінде Елбасы еліміздің мүмкін­дік­терін таныстырып, фин компания­ларын Қазақстанға жұмыс істеуге шақырды. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде өткен «Азия-Еуропа» фо­румы­ның ХІІ саммитіне қаты­­сып, бірқатар маңызды ке­здесу­лер өткізді. Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жапо­ния Премьер-министрі Синд­зо Абэмен және Корея Респуб­ликасының Президенті Мун Чжэ Инмен және Еуропа мен Азияға ықпалды басқа да тұлғалармен кездесті. 

Ал желтоқсанда Қазақстан Прези­денті Ресейдің Санкт-Петербург қала­сын­да өткен Жоғары Еуразия эко­но­мика­лық кеңесі­­нің отырысына және ТМД мем­ле­­кет­тері басшы­ларының бей­­­ре­с­ми сам­митіне қатысты. Кеңес­те қа­­рал­­­ған ең маңызды құжат – Еу­ра­­­­зия­­­­­лық эконо­мика­лық одақ­тың ал­­дағы бағыт-бағдары айқындалған декларация.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»