26 Желтоқсан, 2012

Өнердің шырақшысы

546 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

Өнердің шырақшысы

филология ғылымдарының кандидаты, профессор, музыкатанушы, сазгер  Наум Шафер 27 мыңнан астам күйтабақ жинаған
– Наум Григорьевич, сіздің КазГУ-дің филология факультетін тәмамда­ғаны­­ңызды білеміз. Со­­­ған қарамастан, өмір бойы музыкамен де айналысып келесіз…

– Мен үшін музыка мен әдебиет егіз. Жас кезімде музыкаға көбірек көңіл бөлсем де, филология фа­куль­тетіне оқуға түстім. Пушкинді, Абай­ды, неміс жазушысы Лион Фейхт­­ван­­­герді сүйсініп оқумен болдым. Ұлы Мұхтар Әуезовтің, атақ­ты композитор Евгений Брусилов­ский­дің дә­рістерін тыңдадым. Ән­дер жаздым. Жас­­­тық кезде бәріміз де сондаймыз ғой, өлең жазамыз, ән шыға­рамыз дегендей. Тіпті, кейбір әнде­рім кезінде радиоларда, концерттерде орындалып та жүрді. Исаак Дунаевскийдің шығарма­шы­лы­ғы­на өте-мөте ден қойдым. Мен оның 400 күйта­бағын жинадым.

 

филология ғылымдарының кандидаты, профессор, музыкатанушы, сазгер  Наум Шафер 27 мыңнан астам күйтабақ жинаған


– Наум Григорьевич, сіздің КазГУ-дің филология факультетін тәмамда­ғаны­­ңызды білеміз. Со­­­ған қарамастан, өмір бойы музыкамен де айналысып келесіз…

– Мен үшін музыка мен әдебиет егіз. Жас кезімде музыкаға көбірек көңіл бөлсем де, филология фа­куль­тетіне оқуға түстім. Пушкинді, Абай­ды, неміс жазушысы Лион Фейхт­­ван­­­герді сүйсініп оқумен болдым. Ұлы Мұхтар Әуезовтің, атақ­ты композитор Евгений Брусилов­ский­дің дә­рістерін тыңдадым. Ән­дер жаздым. Жас­­­тық кезде бәріміз де сондаймыз ғой, өлең жазамыз, ән шыға­рамыз дегендей. Тіпті, кейбір әнде­рім кезінде радиоларда, концерттерде орындалып та жүрді. Исаак Дунаевскийдің шығарма­шы­лы­ғы­на өте-мөте ден қойдым. Мен оның 400 күйта­бағын жинадым.

– Опера жаздыңыз ба?..

– Иә. Алматыда филармонияда қойылды да…

– Қандай?..

– «Печорин». Өзімнің либреттом бойынша жазып шықтым. Оны опера әншісі В.Мельцанский өзінің әріп­­­тестерімен орындап шықты. Ал, енді менің композиторлық қызмет­і­ме келсек, шығармаларымды Нами Гитин деген бүркеншік атпен жазып жүрдім.

– Нами Гитин болып, сонда қанша шығарма жаздыңыз?..

– 300-ге жуық. Евгений Брусиловский бір күні маған филфактың 4-курсында оқып жүргенімде музыкамен шындап ай­налысуға кеңес берді. Бірақ, мен құлақаса қойма­­­дым. Соған кейін қатты өкіндім. Е.Бру­силовский қазақ музыка өнерін да­мы­­­туға зор үлес қосқан тұлға, бі­лік­ті ұстаз болатын. Оның шәкірт­­­тері – Бақытжан Бай­­­қадамов, А.Быч­ков, Кенжебек Кү­міс­беков, Құ­­­дыс Қожа­мияров, Н.Мең­ді­ғалиев, Қапан Мусин, Сыдық Мұха­мед­­­жа­нов, Еркеға­ли Рахмадиев.

– Күйтабақтар жинаумен қай кезден айналыса бастадыңыз?

– Жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Фонотекалық коллекциямда сирек кез­­де­­сетін көптеген күйта­­­бақтар бар. Бұ­рынғы облыс әкімі Бақытжан Сағын­таевтың тапсырмасымен «Шафердің музей үйі» үшін арнайы дыбыс жазу құрылғылары сатып алынды. Музейдің дыбыс режиссері Сергей Крыжановский патефон күй­­табақ жазбаларын компьютерге кө­­шірді. Бұл құрылғылар «Павлодар – біздің ортақ үйіміз» қоғамдық бір­лес­тігі мен «Тамыр ПВ» қоғамдық қо­рының демеуші­­­лігімен АҚШ-тан жеткі­­зілді. Олар­­­дың біреуі винил күйтабақтары жазбаларын сан­дық форматқа аударса, екіншісі патефон күйтабақтарын жазуға арналған. Мен өзім 1939 жылғы патефон күйта­ба­ғын жаңа құрылғы арқылы компьютерге жаздым. Бұл күйтабақты таң­дап алуымның өзіндік себебі бар. Бұған жерлесіміз, Баянауыл ауданы­ның тумасы Қали Байжановтың әндері жа­зылған. Ол қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев, әнші-сазгер Бір­­­жан салмен таныс болған. Жаңа құрылғылар ескі патефон күйта­бақ­тарының жазбаларын сан­­­дық фор­матқа ауыстыруға мүмкін­­­дік берумен қатар, жазба сапасын да жақ­сартуға септігін тигізеді.

– Біздер жастық шағымызда Апрелевка, Ленинград, Рига, Таш­­­­кенттің фабрикаларынан шық­­­қан күйтабақтарды тың­даушы едік…

– Музейден өзің көргендей, бұл әндерді қазір әркімнің келіп тың­­­­дауға мүмкіндігі бар. Мен әндердің, музы­каның коллекциясын жинадым. Ша­ляпинді де, Обухов, Максаков, Да­выдов, Козловский, Утесовты, Шульженко, Высоцкий, Окуджава, Ленин, Сталин, Калинин, Луначарский, Коллонтай, Хрущев, Брежнев­­тің дауыстарын, бәрін-бәрін тыңдай аласыз.

– «Евгений Онегин» романы толы­­­­ғымен жазылған ба?..

– Иә. Мұнан басқа да Чехов­тың, Островскийдің пьесалары бойынша жа­­­зылған спектакль­дер­дің, «Анна Ка­ре­ни­­­наның» да әдеби жазбалары сақтал­ған.

Патефон күйтабақ­та­рын 1918 жы­лы Ресейде шығара бастаған ғой. Алға­шында оның тұт­қасы қол­­мен бұрала­тын, ке­йін 1932-1969 жылға дейін электрлі қуат көзіне қосылатын болды. Сол 69 жылы шыққан патефон күйтабақтары музейде сақтаулы.

– Ең бірінші қазақ тіліндегі күйтабақ…

– Музейде тұр. Түпнұсқа күйінде сақталған. 1936 жы­лы қа­­­зақ­тың бі­рінші күйтабағына жазылған Құр­­­манғазының «Ке­­ңес» күйін Жаппас Қаламбаев пен Лұқпан Мұхи­тов­­­тың орындауында біздің му­­­зей­­­­дің концерт­­тік залында отырып тыңдауға болады. Музей ашылған он жыл ішінде Татьяна Корешкова басқарған му­зей қыз­­­мет­­­кер­лері бір­неше ән жинақтарын шығарды. Олар­­­дың арасында «Күләш Байсейітова ән шыр­қайды», «Жамал Омарова ән салады» атты жинақтар бар. Біздің мұндай жинақ­тарды шыға­­­руы­­мызға қорда сақ­­таулы тұрған күйтабақтар көп көмегін тигізді.

– Қазақстан сіздің кіндік кескен жеріңіз бе?

– Мен 1931 жылы Кишиневте Молдавияда туыппын. 1941 жылдың көк­те­мінде Қазақ­станға жер аударылып бара жатқан біздерге 100 келі ғана заттарымызды алуға рұқсат берді. Мен кіш­кентай болсам да, әке-ше­­ше­міздің үйле­ну тойларына достары сыйлаған 30 күйтабақты қалдырмай ала кеттім. Онда орыстың тұрмыстық әндері, Глин­­­каның романстары, Римс­кий-Корса­ков­­­тың музыкалары, билер­­­дің әуендері жа­­­­зылған. Олар осы күнге дейін музейде сақтаулы тұр, менің өмірдегі ең бір ба­­­ғалы, құнды дүние­лерім. Сөйтіп, қазақ жеріне күйта­бақ­­тарымды бірге ала келдім.

Соғыс кезінде он жасар баламын, колхозда жұмыс істедім, кеңседе жазу жаздым. Орта мектепті қазіргі Астана, сол кездегі Ақмолада бітірдім. Алма­тыдағы КазГУ-ге оқуға түстім.

– Қуғын-сүргін демекші, кезінде Роза Бағланованың да репертуарынан алынып тасталған әндер де болыпты ғой?..

– Қай әнді айтасыз?.. Ілияс Есен­берлиннің сөзіне жазылған «Домбыра» деген әнді ме?.. Қазір біздің музейде Роза Бағланованың бұ­рын күйта­бақта жазылып, бірақ айтылмаған бір әні сақ­талған. Шыны күйтабаққа жа­­­зыл­ған үш минуттық осы әннің қазақ­тың мәдениет саласына қосар үлесі ерекше. Евгений Брусилов­скийдің бұл әнін Роза Бағла­нова 1940 жылдардың орта кезінде ор­ындапты. Әншінің өне­ріне тәнті болған Брусиловский оған «Қыз арманы» деген әнді арнапты. Іле Роза апайдың өзіне орындатып, плас­­тинкаға жазып алған. Пластинкасының сыртында әншінің суреті бар. «Домбыра» әні әншінің репертуарына кейіннен қайтадан қосыл­ды, бірақ енді Тәжі­­­баев­­­тың сөзіне ән жазылды. Екі автор­­­дың сөзіне жазыл­ған бір әннің екі бірдей жазбасы менің коллекциямда сақтаулы. Тіпті, Роза Бағла­нованың А.Корчевскийге берген сұхбатының жаз­­ба­сының, оның ұмы­тылмас дауысы­­­ның, сол сәттегі атақты артистермен, елдердің басшыларымен кездесулердегі сөздері де бар.

– Сіздердің қорларыңызда Бибі­­­гүл Төлегенованың әндері де бар ғой.

– Біздің музей «Бибігүл Төлегенова ән шырқайды. «Алматы көктемі» атты екінші дискінің тұсаукесерін өткізді. Онда «Алтын ай астында» атты бірінші дискі сияқты, өткен ғасыр­­­дың 50-60 жылдарындағы патефон күйтабақта­­ры­нан көшірілген жазбалар бар. Екінші дискіге Бибігүл Төлеге­­­нованың орындауында қазақ, орыс, неміс, татар, армян, латыш, қырғыз, украин тілдерін­­­дегі әндер жазылған.

Мәскеу қаласында тұратын Қазақ КСР-нің байланыс министрінің бұрын­ғы орынбасары Юрий Ниловтың сұ­­рауымен Бибігүлдің орын­дауындағы әндердің жазбаларын дайындап, сол жаққа жіберген едік. Бір күні жұбайы –Нелла Сергеевна Бондарчуктен хат ал­­дық. «Сізге Бибігүл Төлегенова үшін алғыс айтқым келеді. Оның орын­дауындағы әндерді тыңдай отырып, жастық шағы­­­мызбен қайта қауыш­қандай болдық…», деп жазыпты ол.

Міне, сол кезде «Бибігүл Төлеге­­­нова ән шырқайды» деген тағы бір музей жобасын жасаудың идеясы туды. Оны Тәуелсіздіктің 20 ­жылдығына орай әзірледік.

– Наум Григорьевич, жоғарыда сіз Мұхтар Әуезовтің дәрістеріне қатыс­­­тым дедіңіз. Осы жайында кеңірек әңгімелеп берсеңіз.

– Бұл ұзақ әңгіме. Ол кезде қазақ бөлімдеріне «Абайтанудан» дәріс оқи­­­тын еді. Біздер де дәріс басталған кезде олармен бірге барып отыра қала­­тынбыз. Жарым-жартылай түсін­­­­ген боламыз. Жал­­­ғыз біздер емес, тарих, тіпті, физика-математика факульте­­­тінің студент­­­терін де көргенім бар. Ұлы жазушымен қай жерде кездесу болмасын, қалмай тыңдауға баратынбыз. Сол кезде қазақ тілін білме­геніме қатты өкінуші едім. Өзін тыңдауға келген біздерді жазушы сыйлап тұратын, бізге де бірдеңе жетсін дегендей.

– Оқу бітірген соң Алматыда қалдыңыз ба?

– Сол 1955 жылы филолог маман­­дығын алып, Наталья Михайловна екеу­­­міз Шығыс Қазақстанның түкпір­індегі бір ауданға келдік. Мектепте сабақ бер­дім. Одан кейінгі өміріміз Целиноград қаласында, сондағы мектептерде жал­­ғас­ты. 1957 жылы қызым Елизавета дү­ниеге келді. 1964 жылдан осы қаладағы педа­гогикалық инсти­тут­тың аға оқыту­­шысы, ал, 1968 жыл­дан Павлодардағы педагоги­­­калық институ­ттың доценті болып қызмет еттім. Педа­­­го­­ги­­калық институтта студенттерге филология кафе­дра­сының профессоры ретінде орыс филологиясынан дәріс оқимын. Осы уа­­қытқа дейін Қазақ­­­станның, Ресейдің, Гер­­ма­­­ния­­­ның, Израильдің ұжымдық жи­­­нақ­­­тарында, газеттері мен журналдарын­да 400-ге жуық мақалам жарияланды.

– Одақ ыдыра­­ған­­нан кейін тарихи Отанына орал­ғандар көп болды ғой. Сізді ондай ойлар мазалаған жоқ па?

– Жоқ. Кезінде Омбы облысының губернаторы Леонид Полежаев «бү­­­кіл күйта­бақта­­рыңмен, кітапта­рың­­­мен қоса бірақ көшіріп әкелейік, жайлы пәтер береміз, жағдай жасаймыз», дегенде де қызықпадым, рақ­­­мет айтып, осы елде қалатынымды жеткіздім. 2001 жылы облыс әкімдігінің шеші­мімен Павлодарда «Наум Шафердің» музей үйі ашылды.

2006 жылы «Киноведческие заметки» – тарихи-теориялық журналында «Ба­қыт іздеу­шілер» фильмі­нің 70 ­ жыл­­­дығына орай менің «В поисках еврейского счастья» деп аталатын мақа­­­лам жарық көр­­­­ді. Осыдан ке­­­йін 2009 жылы Гер­манияға, Нюрн­­­берг қаласын­да өт­кен «Бақыт іздеу жолында. Орыс кинома­тография­сын­дағы еврей әлемі (1917-1999 жылдар)» Халықаралық сим­по­­­зиумына шақырылдым. Бұл фильм 1936 жылы түсірілді, онда шетелден орал­ған еврей отбасының Еврей авто­­­но­мия­лық облысының бір колхозында еңбек еткен тағ­дыры туралы. Ол фильм­ді экранға шы­ғар­­­ма­­ған кез де болды. Кейін М.С.Гор­бачевтің ке­зін­де қайтадан көрсетіле бастады. Қазір оны кейбір кездері телеэкраннан көруге мүмкіндік бар. Маған жа­­қындығы сол, фильмде Исаак Дуна­евскийдің музыкасы ойналады.

– Былтыр ма, қашан, сізге «Еура­­зиялық еврейлік конгрес­­тің» ордені табыс етілді ғой?

– Иә. Осы ұйым бас кеңесінің мүшесі Александр Барон марапат көрсету кезінде көп ұлтты Қазақ­­­­станның мәдениетінің дамуына қосқан үлесімді атап өтті. Композитор Исаак Дунаевский мен жазушы Михаил Бул­­гаковтың шығарма­­шы­­­лығын зертте­генімнің өзі бір төбе. Естуімше, «Еура­зиялық еврейлік конгрестің» орденін алған төртінші қазақстандық екенмін.

– 2000 жылы Исаак Дуна­ев­­­скийдің 100 жылдығына Мәс­кеуге бардым деп едіңіз?

– Шақырғанда жайдан-жай емес, кеңес­ші ретінде бардым. Михаил Булгаков пен Исаак Дунаевскийдің шығармашылық дос­тық қарым-қа­­тынастарын зерттеумен шұ­ғыл­дан­ғанымды білесіз. Сонымен бірге, «Дунаевский Булгаковта қонақта» деген атпен күйтабақтарды жинақ­тадым. Яғни, Эйнштейн, Пастернак, Дунаевский болма­саң да, бәрібір де сенің қадірлі екендігіңе, өзіңді қор­­­шаған адамдарға қажет екенді­гіңе әрі олардың сүйіктісіне айна­луыңа мүмкіндігің бар деген осы қызым. Өмір бақи сараң боп жүргенше, жомарт сері боп өт: дүниені өзің үшін жинамай, адамдар үшін жинау қажет.

– Наум Григорьевич, сізді біле­тіндер кеңес киносының жұл­дызы Любовь Орловамен кездес­кеніңізді жыр қылып айтады. Соны өз аузыңыздан естісек.

– О… о!.. Ол кездесудің жөні бір бөлек! Аңыз-адам, ғажайып актриса. Ақсүйектер әулетінен шық­қан, сұлу­лық символы Любовь Орло­ваның туғанына да 110 жыл толды. Ол кеңес киносына «жұл­дыз» деген ұғымды әкелді. Менің коллекциям­да Орло­ваның өте сирек кездесетін бірегей дыбыс жазбалары бар. Ол күйтабақты 1946 жылы Ақмола базарында сатып алдым. Атақты әншіні 1968 жылы Целиноград қаласына кон­церттік бригадамен келгенде көрдім. Ән жазылған күйтабақты алып жүгіре жеттім. Бір ауыз тілдесіп те үлгердім, қолтаң­басын алдым. Күйтабақ қазір музейде. Патефонға қойып естуге бо­ла­ды­. Бұл жаңағы өзің айтып отырған – «Цирк» кинофильміндегі «Спи, мой бэби» әні еді және алғашқы варианты. Кейін бұл ән қайта көшіріліп жазылмады. Екінші рет 1970 жылы Любовь Орловамен тағы бір кез­десудің сәті түсті. Композитор Исаак Дунаев­ский­дің 70 жылдық мерейтойына арналған Ленинградта өткен кеште ол «Цирк» кинофильмінен «Танец на пуш­кені» орындап, жи­налғандарды таңғал­дыр­ды. Сол кезде актриса 68 жаста еді!..

– Атақты адамдардан тағы кімдермен араластыңыз?

– Дунаевскийдің 90 жыл­­­дығына арналған іс-шаралар кезінде Ошанинмен кездестім. 1943 жылы жа­зылған өзінің «Ты скажешь ей» өле­ңінің қалай шыққанын айтып берді. Әннің нота­сының жи­нақтарда бар-жоғын анық­тауымды сұра­ды. Пав­лодарға кел­ген соң ән­нің нотасын Дунаев­скийдің шы­ғар­малар жина­ғы­нан тауып алдым. Кө­шірмесін Лев Ошанинге жібердім.

Ақын Лев Ошаниннің өлеңде­ріне 400-ден астам ән жазылды. Соның екі жүздейі біздің музейдің фонотекасында сақтаулы.

– Иә, кешегі күнсіз бүгін жоқ…

– Қазақстанның, біздің еліміздің бола­шағы жарқын. «Егемен Қазақ­станның» оқыр­­­­­ман­­­­­­­дарын «Шафер му­зейіне» келіп, өткен жылдар әуен­де­рін тыңдауға шақырамын.

 Әңгімелескен Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.