Фото: Usbanov Telegram-арнасы
Usbanov Telegram-арнасының мәліметінше, DeepState аналитикалық жобасы соғыс картасына талдау жасап, жаулап алынған аумақтардың нақты көлемін есептеп шығарды.
Өткен жылы Ресей Украинаның 4 336 км² аумағын оккупациялаған. Бұл елдің жалпы аумағының шамамен 0,72%-ы.
2023 жылдың 1 қаңтарынан 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта жаулап алынған жер көлемі – 7 463 км² (Украина территориясының 1,23%-ы).
Соғыс басталғаннан бері Ресей толықтай бақылауына алған аумақ 116 165 км²-ге жетті. Бұл бүкіл Украинаның 19,25%-ына тең.
Еске салайық, Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеп, АҚШ-тан және еуропалық әріптестерден сайлауды өткізу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сұраған еді.
Сондай-ақ бұған дейін Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін айтқан.