Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 2 қаңтарда еліміздің 16 өңірінде дауыл соғады.
Маңғыстау облысы: Орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз де осы құбылыстар қайталанады. Солтүстік пен орталықта тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда көктайғақ болып, жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысы: Солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысы: Таулы аудандарда қар жауып, бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Облыстың бірқатар аймағында тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Таразда мезгіл-мезгіл тұман болады.
Жетісу облысы: Солтүстік, шығыс, орталық және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Облыс шығысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысы: Түнде батыста, оңтүстікте және шығыста қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жаууы ықтимал. Ақтөбеде күндіз қалың қар мен көктайғақ, таңертең тұман күтіледі.
Астана қаласы: Күндіз көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстік, оңтүстік және орталықта тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыста жел 15-18 м/с жетеді. Өскеменде тұман күтіледі.
Түркістан облысының басым бөлігінде және Шымкентте мезгіл-мезгіл тұман түседі.
Абай облысы: Оңтүстік-батыста аздаған қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың басым бөлігінде тұман түседі.
Қызылорда облысы: Орталықта және солтүстікте тұман күтіледі.
Ұлытау облысы: Солтүстік пен орталықта тұман болады. Солтүстікте жел 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы: Батыс пен оңтүстікте қар жауып, бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысы: Батыс, оңтүстік және шығыста қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман түседі.
Павлодар және Қарағанды облыстары: Батыс, солтүстік және оңтүстік (Павлодарда), сондай-ақ батыс, солтүстік, шығыс (Қарағандыда) аймақтарда тұман болады.
Қостанай облысы: Солтүстік пен батыста қар, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Естеріңізге сала кетейік, болжам бойынша биылғы қаңтар айы жылы болады деп күтіледі. Республика бойынша орташа температура қалыпты нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанып отыр.