Әдебиет • 15 Қаңтар, 2019

Аида Балаева: Қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару - ерекше жоба

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия хатшысы, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аударып жатқан аудармашы, редакторлармен кездесті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА хабарлады. 

Аида Балаева: Қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару - ерекше жоба

Кездесуде Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей және Қытай мемлекеттерінен келген аудармашы-әдебиетшілермен қазақ әдебиеті жинақтарын аудару барысы талқыланды. Аида Ғалымқызы қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін БҰҰ-ның 6 тіліне аудару бастамасы бұрын-соңды болмаған ерекше жоба екендігіне  тоқталып, «біздің басты міндетіміз - аударманың көркемдік сапасын қамтамасыз ету. Біз ол үшін қажет дүниенің барлығын істеп жатырмыз. Сондықтан, аудармашылар мен біздің авторлардың осындай кездесуі осы міндетті орындауымызға септігін тигізеді деген үміттемін», - деді. Сонымен бірге, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында айтылған мәдениет пен әдебиетті дамытуға бағытталған шараларымен таныстырып, оны іске асыруға атсалысуға шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55