
Халқымыздың би өнерін насихаттауда айрықша еңбек етіп жүрген әулиеаталық «Ақкербез» би ансамблі тағы бір белесті бағындырды. Мың бұрала билеген сегіз арудан құралған топ бүгінде ұлттық би өнерін әлемдік сахналардан насихаттауға бағыт алды. Нақты айтсақ, қазіргі таңда Халықаралық конкурстардың лауреаты «Ақкербез» би ансамблі Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа мен Заид әл-Нахаян атындағы гуманитарлық ұйымының ұйымдастыруымен Әбу-Даби қаласында өтетін Халықаралық шейх Заид атындағы мәдени фестивальге қатысып жатыр. Бұл іс-шараның мақсаты – жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктері Ұлттық күнінің тойлануына орай оның халқы мен қонақтарын әлем елдерінің ұлттық мәдениеттерімен таныстыру. Еліміздің өнерпаздары іс-шараға осымен төртінші рет қатысуда. Әлемдік мәдениет майталмандарының пікірінше, Қазақстаннан келген қатысушылар әрдайым жоғары деңгейдегі дайындықтарымен ерекшеленіп, үнемі фестиваль қонақтарының ықыласына бөленіп келеді.
Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының мәліметінше, ұйымдастырушылар қазақстандық өнерпаздарымызға арнайы орын бөліп, 8 адамнан тұратын ұлттық би ансамблінің қаржылық шығындарын өтеп беруде екен. «Бұл іс-шараға филармония өнерпаздарының қатысуы Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бастамасындағы міндеттерге толығымен жауап беріп, еліміздің мәдениетін халықаралық дәрежеде жан-жақты дәріптеуге мүмкіндік беріп отыр» дейді «Ақкербез» би ансамблінің бас балетмейстері Айжан Қонарбаева.
Әйгілі Әбу Даби төрінде еліміздің көк байрағын желбіреткен «Ақкербез» бишілері мұндағы жергілікті өнерсүйер қауымға «Ерке сылқым», «Әлқисса», «Аққу», «Биле, биле», «Жайлауда» атты ұлттық қазақ билерін насихаттауда. Осылайша, «Ақкербез» би ансамблі ағымдағы жылғы 27 қаңтарға дейін Әбу Даби қаласының түкпір-түкпірінде жалғасын табатын фестивальде бес түрлі биімен ерте заманнан қалыптасқан халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасын насихаттайтын болады.
Айта кету керек, «Ақкербез» би ансамблінің өнер жолында 6 жылдық тарихы бар. Би ұжымы осы уақытқа дейін Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өңірлік мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар» базалық жобасын жүзеге асыру мақсатында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойы аясында «Баласағұн» орталық концерт залында Әулиеата жұртшылығына «Би керуені» атты есептік концерттік бағдарламасын ұсынған болатын. Енді бүгінде Әбу Даби төрінде ұлттық би өнерін насихаттап жүрген әулиеаталық арулардың жеңісті жолы жалғаса беретініне сенім мол.
Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22
Жылдың қорытынды турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 07:17
«Алтын сақа» үздіктері анықталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15
Руханият • Бүгін, 07:09
Қоғам • Бүгін, 07:04
Қайырымдылық жобаларына 6 млрд теңге бөлген қор
Қоғам • Бүгін, 07:02
Руханият • Бүгін, 06:59
Аймақтар • Бүгін, 06:56
Елордада Сирияның болашағы талқыланды
Саясат • Бүгін, 06:50
Қоғам • Бүгін, 06:47
Қоғам • Бүгін, 06:43
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы басталды
Руханият • Бүгін, 06:42
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 06:39
Жымысқы жолмен кірістерді жылыстату қатаң қадағаланады
Парламент • Бүгін, 06:35
Президент • Бүгін, 06:27
Қоныс аударушыларды қолдау деңгейі қандай?
Қоғам • Бүгін, 06:26
Президент «Егемен» көтерген мәселе бойынша тапсырма берді
Президент • Кеше
Алматы облысында ит талаған жасөспірім көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты
Экономика • Кеше
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі құрылды
Экономика • Кеше
Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі өтті
Экономика • Кеше
Мәжіліс көші-қон процестерін реттеу бойынша Заң жобасын мақұлдады
Парламент • Кеше
Қоғам • Кеше
Алматыда мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Атыраулық оқушы еріктілерге арналған мобильді қолданба ойлап тапты
Қазақстан • Кеше
Алматылықтар Мұрат Насыровты еске алды
Руханият • Кеше
Қазақстан Елшісі Латвия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Кеше
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форумы өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Күзет қызметкерлері автокөлік айдап кеткен
Аймақтар • Кеше
Алматыда «Urban Conference» өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Махамбет университеті үздіктерін анықтады
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Жусан» операциясы жайлы қойылымның премьерасы өтті
Руханият • Кеше
Сәндік-қолданбалы өнер колледжі мамандарымен мақтанады
Руханият • Кеше
Бибігүл Төлегенованың шәкірті ұстазының құрметіне кеш өткізді
Руханият • Кеше
Түркістан облысында электронды түрдегі қызметтің үлесі – 88 %
Аймақтар • Кеше
Саз балшықтан қөлөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сағаты өтті
Руханият • Кеше
Алматыда патриоттық әндер кеші өтті
Руханият • Кеше
Қонаев музей-үйі мұрағатында 5 мыңнан астам кітап сақталған
Руханият • Кеше
Адамның даму индексі бойынша Қазақстан 189 елдің ішінен 50-орынға ие
Қазақстан • Кеше
Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қобыз бізге қай дәуірден жеткен?
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Димаштың Нью-Йорктегі концерті қалай өтті (фоторепортаж)
Руханият • Кеше
Оралда «Business Power-2019» бизнес форумы өтті
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Сан-Францискоға барды
Үкімет • Кеше
Батыс Қазақстан облысында газ кешені іске қосылды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Теннис: Испаниядан олжалы оралдық
Спорт • Кеше
Әлем мойындаған қазақстандық даму моделі
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар