Википедия базасын әлемнің әр тарапындағы мыңдаған автор мен редактор мақала жазып, толықтырып, аударып тұрады. Википедия 250 тілде ақпарат ұсынады. Википедия қамтитын тақырып аясы кең әрі үлкен болғандықтан, бұған дейінгілерінен озық, тарихтағы әзірге ең толық энциклопедия саналады.
Электронды энциклопедияның ең үлкен ерекшелігі – мақалаларға қосымша ақпарат енгізіп, өзгертуге болатыны. Яғни, әркім өз білгенімен бөлісе алады.
Википедияның атасы – Нупедия (Nupedia). Ларри Сэнгер мен Джимми Уэйлс негізін қалаған энциклопедияға мақалаларды тек ғалымдар жазатын болған. Ақпарат базасын жедел толықтыру үшін 2001 жылдың 15 қаңтары Уэйлс пен Сэнгер Википедияны ашады. «Вики» сөз гавай тілінен «тез» деп аударылады.