![Зарина Дияс Australian Open турнирінің алғашқы кезеңінде сүрінді](/article_photo/1547553306_article_b.png)
Алғашқы айналымда ол сербиялық Александра Круничпен кездескен болатын. Алғашқы сетте Зарина 6:3 есебімен жеңіске жетсе де, ойын соңына дейін бұл басымдықты ұстап тұра алған жоқ.
Екінші партияда 5:7, үшінші кезеңде 1:6 есебімен қарсыласқа жол берді.
Енді Зарина Дияс жұптық сынға ауысады. Ол Юлия Путинцевамен бір ту астында кортқа шықпақ.