Парламент отырысында албан тіліне мемлекеттің ресми тілі статусы берілді. Жаңа заңды 120 депутаттың 69-ы қолдады. Қарсы тарап қатарында мемлекет президенті Герге Иванов та бар. Ол заңға қол қоюдан бас тартты. Онымен қоса мемлекеттің консервативті оппозиция блогы қарсылығын білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, Македония халқының төрттен бірі - албандықтар. Бұған дейін албан тілі тек этнос тұрып жатқан аймақтарда ғана ресми тіл статусына ие болған.