«Қазақстанның бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды! Біз Геннадий мен оның отбасына мықты денсаулық және амандық тілейміз!», - делінген федерация сайтында.
Айта кетейік, Головкиннің бір ұлы мен қызы бар. Боксшының ұлы Лос-Анжелесте хоккеймен айналысады. Қазіргі таңда Геннадий уақытын отбасымен бірге өткізіп, жекпе-жектер жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.