18 Қаңтар, 2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбия астанасы Боготадағы полиция академиясында жарылыс салдарынан 21 адам қаза тауып, 68 адам жарақат алды. Бұл - соңғы 16 жылда болған қаладағы ең ірі шабуыл.

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

Оқиға бейсенбі күні таңертең болған. Жарылғыш затпен жабдықталған көлік полиция академиясының аумағына кіріп, жарылған. Мәліметтерге сүйенсек, жарылыстың салдарынан оқу орнының ғимараты ғана емес, көршілес ғимараттарға да зақым келген.

Жарылыс болмас бұрын автокөлік бақылау-өткізу пунктіне тоқтайды да, кейін орнынан бірден қозғалып, қабырғаға соғылып, жарылған.

Жарылыс түлектерді марапаттау рәсімі өтіп жатқан полиция академиясының қақпасында болды.