Қазір ауыл оқушыларs 3D-модельдеу, анимациялар жасау , бейнемонтаждау бағыты бойынша дәріс үйреніп, жаңа технологияларға бейімделуде. Олар аз уақыттың ішінде робот та құрастырып үлгеріпті.
Жалпы Алматы облысында заманға сай техникамен жабдықталған IT-сыныптар мен робот техникасы кабинеттерін ашуға жергілікті бюджеттен 220 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға мектептерде арнайы сыныптарды жасақталып, оқушылардың цифрландыру бағдарламасына сай білім алуына жағдай жасалуда. Ал Кеген ауданы бойынша ашылатын IT-сыныптар саны биыл көбейіп, жалпы саны беске жетпекші.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы