Әлем • 21 Қаңтар, 2019

Tesla компаниясы мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығарады

668 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жыл компания үшін электромобиль шығару тарихындағы ең ауыр жыл болды. Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск қызметкерлерге электронды хат жолдады.

Tesla компаниясы мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығарады

Оның айтуынша, компания бизнесінің ауқымы күн санап өсіп келеді. Алайда, автомобиль өндірісімен бәсекелесе отырып, жаңа технологиямен шығарғандағы шығындарды есептегенде электромобильдер өндірісі әлдеқайда қиын. Сондай ақ көптеген тұтынушылардың қалтасы көтермейді.

Қазіргі таңда компанияда 45 мың адам жұмыс істейді. Шамамен үш мыңы қысқартылады.  

АҚШ-тағы сауда айналымы ашылған соң Tesla акциялары 6% құнын жоғалтты.

Масктың айтуынша, 2018 жыл Tesla үшін ең жемісті жыл болды. Алдыңғы жылдарға қарағанда өткен жылы автомобильдердің көп бөлігі сатылған.

«Осы тоқсанда қиындықтарды еңсеріп, табысқа жете аламыз деп үміттенеміз. Алайда, мамыр айынан бастап біз әлемдік нарықта Model 3-ді сатуды бастауымыз керек, себебі бізге автомобильдерді алуға қауқары бар тұтынушылар қажет. Сондай-ақ, біз басқаларға қолжетімді Model 3 нұсқаларын әзірлеуді жалғастыруымыз керек», деді Илон Маск.

Ол басқа амал болмағандықтан компания қызметкерлерінің санын қысқартуға мәжбүр екенін айтты. Фрилансерлердің ішінен ең құнды әрі қажетті мамандарды ғана қалдырмақ.

Соңғы бірнеше жылда электромобиль өндіруші компанияның жұмысы шиеленісе түскен. Инвесторлардың компания акцияларын төмендетуіне байланысты алдын ала бекітіген жоспарларын бұзуға мәжбүр.