БҰҰ-ның Малидегі бітімгершілік миссиясына содырлардың шабуылы нәтижесінде он бітімгер қаза тауып, кем дегенде 25 адам зардап шекті. Бұл туралы AFP хабарлады.
Оқиға 20 қаңтар күні таңертең Агельхуке қаласындағы БҰҰ миссиясының базасында болған. Шабуылды «Әл-Каида» террорлық ұйымының әскерлері жасаған.
MINUSMA миссиясының бітімгерлері шабуылға батыл жауап беріп, содырлардың бірнешеуін өлтірді.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Кидаль провинциясын Агельхуктегі лагерьге шабуыл жасағандарды жауапқа тартуға шақырды.