Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019

Қызылорда қызанағы экспортты ығыстырады

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жылыжай кешенін іске қосқан «Натишаева» мен «Орда» қожалығы жүз тоннадан аса өнім алды.

Қызылорда қызанағы экспортты ығыстырады

Жеке кәсіпкер «Натишаеваның» Қарауылтөбе ауылында салған бір гектар жылыжайынан 65 тонна қияр, 23 тонна қызанақ жиналған.

Ал, «Ақбота-Бақдәулет» серіктестігі екі маусымда 1,5 тонна қияр, 1,7 тонна қызанақты саудаға шығарыпты.

Биыл Қызылорда қаласында «ҚазАгроМир» ЖШС-нің көлемі 2 гектардан асатын автоматтандырылған кешенді жылыжай жобасы іске қосылады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған жылыжай жаңа технология негізінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда құрылыс толық аяқталып, су және электр жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. 1 миллиард теңгеден астам қаржыны құраған бұл жоба арқылы жылына 900 тонна томат өндіріледі деп жоспарланып отыр.

Облыстын ауылшарушылық басқармасы шаруа қожалықтарының басқа аудандарда да жылыжай ісіне үлкен мән беріп отырғандығын айтады. Мұндай жағдайда Қытай, Өзбекстан сияқты шет елдерден келетін көкөністердің көлемі шектелетіндігі сөзсіз.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы