Қазақстан • 23 Қаңтар, 2019

Инновациялық идеяларды тиімді пайдаланса...

2864 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында педагогикалық идеяларды ізгілендіру мәселесін қойып отыр. Оқытудың инновациялық педагогикалық идеялары бойынша әртүрлі технологиялар сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Инновациялық идеяларды тиімді пайдаланса...

Мұғалім кәсіби дайын бол­са да, ол өзінің жеке қа­сиет­терін үнемі жетіл­ді­руге, кәсіби деңгейін арт­ты­­ру­ға міндетті. Өзінің шы­ғар­ма­шы­лық деңгейін, құзы­рет­тілік деңгейін арттыру үшін алынатын ақпараттың көлемін, жұмыстың қолданылатын нысандары мен әдістерінің санын арттыру ғана емес, сонымен қатар өзін өзі дамытуға жүйелі түрде ынталандыратын жағдайлар жасау қажет.

Педагогтардың шы­ғар­ма­­шылық өзін өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мек­теп­терінің басшылары мен мұғалімдерінің ин­­но­ва­ция­лық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғы­лы­ми-практикалық ор­та­­лығы жуырда Алматы қа­ла­сында «Алтын Қар­ға­лы» шипажайында дәс­түр­лі «Педагогикалық идея­­лар фестивалі» рес­пуб­­ли­­­ка­лық конкурсын өт­кіз­ді. Бұл фестивальдің өткізілуіне Прези­дент қоры де­меу­ші­лік жасап, «Ұстаз» кә­сі­би орталығының қыз­мет­кер­ле­рі, Сүлеймен Демирел университетінің оқы­ту­шы­ла­ры қазылық етті.

Осындай кәсіби ше­бер­лік байқаулары пе­да­гог­тар­­дың бойына сенімділік ту­ды­руға, ішкі ресурстарды жұмыл­ды­руға, уақытты дәл есептеу­ге, үлкен психо­ло­гиялық шие­­леністі шешуге жағдай жасай­­ды. Со­нымен қатар кон­курстар педа­гог­тар­дың кә­­сіби қыз­ме­тінде шы­ғар­ма­шылық тұрғыдан өзін өзі жүзеге асыруының тиімді құ­ра­лы болмақ және олардың әрқайсысына кәсіби және жеке сұраныстарына сәйкес өзін өзі дамыту траекториясын белгілеуге мүмкіндік бе­реді. Фестиваль «Білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Әртүрлі сабақтар, бірақ әрқайсысында шебердің қолы...», «Шығармашыл тол­қын», «Сабақ аяқталған соң...», «Психологиялық сан­дықша» бағыттары бо­йынша өткізілді. Осы бағыт­тар­ға ұсынылған идеялар коммуникативті және басқа да құзы­реттілік түрлерін дамы­туға, ұтқыр білім беру ор­та­сында тиімді жұ­мыс істеу үшін басшылар мен педагогтардың шы­ғар­ма­шы­лық мүмкіндіктерін ашуға, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіруге, тәжірибе алмасу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыруға, заманауи мек­теп­тің кадрлық әлеуетін қолдауға, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін сақ­тау­ға бағыттайды.

Фестивальға қоғамға өзі­­нің зияткерлік ең­бе­гі­нің нәти­­жесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішін­де үздік педагогикалық тә­жіри­бесімен бөліскісі келе­тін 360 белсенді және шы­ғармашыл педагогтар ТЕДХ форматында таратуға лайықты педагогикалық идеяларды ұсына отырып, баяндама жасады.

Айталық «Білім беру жүйе­сіндегі менеджмент» бағы­ты бойынша қатысқан 38 педагогтың арасынан топ жарып, жүлделі ІІІ орынға ие болған жаңашыл педагог Баян Ахатайқызы Бекетай бүгінгі таңда Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучье қаласындағы №9 мектеп-гимназия­ директорының бе­йін­ді оқыту жөніндегі орын­­басары қызметін ат­қа­ра­ды. Оның қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол еңбек жолындағы ұстанымы – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсы­лық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақ­сат­тарға жету.

Жақсы ұстаз – қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шы­ғар­машылық әлеуеті мол тұлға. Яғни мұғалім білім­­ді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алады. Бүгінгі таңда мектебімізде «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында Баян Ахатай­қы­з­ының авторлық «Мәңгілік Ел» идея­сы – мектепте» танымдық жобасы іске асырылуда. Бұл жоба бiлiмнiң қа­лып­тасып, дамуының жаңа­шыл бағыттары мен шарт­тарына және бiлiмнiң қалып­тас­уы мен негiзделуiнiң ерек­ше ұстанымдарына, объек­тивтi қатынастарды қалып­тас­тыруға негізделген. Осы жаңашыл педагогикалық идея республикалық дең­гей­де өткізілген фестивальде де педагогтардың қыз­­ығу­­шы­лы­ғын арттырып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік тудырды.

Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады»,  деп халқымыз тауып айтқандай, қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, жаңа талапқа сай инновациялық идеяларды өз тәжірибелерінде тиімді пайдаланса, оның нәтижесі тартымды да мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Елбасы Н.Назарбаев «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді» деген еді.

Сол сияқты шәкірт тәр­бие­­сіне қажымай талмай ең­­бек­теніп, Қазақстан атты мем­лекеттің ертеңгі азаматын тәр­бие­леуге өзіндік тың идеясы бар құнды танымдық жобаны ойлап тауып, іске асыру әрине, ұстаздың өз еңбегіне деген сүйіспеншілігінің же­мі­сі деп білеміз.

Гүлайым ҚАЛМАҒАНБЕТОВА,

№9 мектеп-гимназия директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ақмола облысы