Биыл отызыншы рет ұйымдастырылып жатқан халықаралық додада қазақстандық балуандар да бақ сынамақ. Ярыгин турнирінде ел намысын 57 кило салмақтағы Абзал Өкенов, 70 килода белдесетін Асхат Слямханов пен қыздар күресінің өкілі Эльмира Сыздықова (76 кг) қорғамақ.
«Иван Ярыгин» турнирі Гран-при санатындағы рейтингілік жарыстар тізбегін бастайды. Турнирдің жеңімпазы 8 ұпай еншілесе, күміс жүлдегер – 6, қола жүлдегер – 4, ал бесінші орын иегері 2 ұпай иеленеді. Балуандардың рейтингілік турнирлерде жиған ұпайы биыл Астанада өтетін лицензиялық әлем чемпионаты қарсаңында маңызды болмақ.
Әли БИТӨРЕ,
«Egemen Qazaqstan»