- Жастар жылы - жалындаған жас қауымның жүрегінде туындаған талай идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тамаша кезең. Өзімнің замандастарымды, Ақ Жайықтың жастарын болашаққа сеніммен аяқ басуға, Елбасы ортаға тастаған бастамаларды белсенді қолдауға шақырамын.
Біз, жастар қашанда Президентіміздің қоғамды алға бастырар идеяларын қуана қолдап, жалықпай жалғастырып жүреміз. Еліміз, Елбасымыз «балам» деп біздің белімізді буып жатса, біз де «Елім» деп ерінбей еңбек етуге әзірміз. Алға, қазақ жастары! Ақжайық жастары Елбасымен бірге! - дейді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанындағы Жастар бастамасын дамыту студенттік орталығының директоры Нұрдәулет Айсағалиев.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Батыс Қазақстан облысы