
Осы бiр қызық әңгімені айтқан кісі алдымыздан көрiнген ана-а-ау қызғылт шоқының ар жағындағы Шанақ деген ауылда тұрушы едi. Ол өзi бiр ақкөңiл, аузын ашса, жүрегi көрiнетiн жақсы адам-тұғын. Өткен жылы дүние салыпты деп естідім.
…Iлгерiде, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезінде мұндағы жұрт пошта таситын адам таба алмай қиналған көрiнедi. Себебі бұған дейін хат-хабар тасып жүретін жас әйел аяқ-астынан жаман ауруға шалдығып, бір айға жетпей қайтыс болыпты. Содан оны «қара қағаз алған үйлердiң қарғысы атты» деген әңгіме желдей есiп, елдің үрейі ұшпай ма.
Е-е, ол кезде қайғыдан қан жұтып, көкiрегi қарс айырылып отырған жұрт кiмдi қарғамады дейсiз?!.
Анаған бiр, мынаған бiр жалынып, пошта тасуға ешкімді көндіре алмай ауылсәбеттiң басы қатады. Өйткені кiмге қолқа салса да, ат-тонын ала қашады екен. Мiне, осындай қиын күндерде кеңсеге бiр ұзын бойлы, үстiнде сары тоны бар бейтаныс кiсi келіп, қолымен ымдап, ауылсәбеттiң үстелiнiң үстiнде жатқан поштаның сөмкесін нұсқап, мұны мен тасиын дегендей ниет бiлдiреді.
Содан бастап ауылға пошта үзбей келiп тұрады. Алыстағы соғыс атты тажал жiберiп жатқан «қара қағаздар» да тоқтамайды. Айына, аптасына кем дегенде бiр-екi үйдi аңыратып, көз жасын көл қылып кетедi. Сөйтсе де бұл ауылға қайдан келгенi белгiсiз мылқау шал өз мiндетiн үн-түнсiз атқарып жүре бередi.
Бiрде ауылсәбеттiң төрағасы орталыққа барайын деп атына мiнiп жатқанда әлгi пошташыны көрiп қалып: «Оу, ақсақал, маған мiнгесiңiз, ала кетейiн», дейді. Бірақ ол басын шайқап, қолын сермеп, атқа мiнбей қояды. Содан төраға еш жерге тоқтамай, сар желiп отырып орталыққа келмей ме. Сөйтсе... О-о, Құдайдың құдіретi, манағы ауылда жүрген шал поштаның алдында тұр дейдi. «Әй, бұл қашан, қалай келiп қалды?» деп аң-таң.
Не де болса, енді сол шалмен бiрге қайтуды ойлайды. Әрі-берi күтiп, поштадан шыға қоймаған соң iшке кiрсе, ауылға апаратын хат-хабарларды алып, кетiп қалыпты. Ал ендеше, жол-жөнекей қуып жетермiн деп төраға қайтадан атына мінеді.
Бiрақ жол-жөнекей пошташы шалдың қарасы көрiнбейдi. Әне-міне деп алаңдап келе жатып ұзақ жолдың жартысын қалай өндіріп тастағанын байқамай да қалады. Кенет оның көзi сона-а-ау бiр қиырда бұлдырап ұшып бара жатқан сары тонға түседi. О тоба, мұндай да ғажап болады екен-ау! Әлгi пошташы шал ауада қалқып ұшып барады дейді...
Елдiң айтуынша, соғыс аяқталған күнi ол бiр түнде ғайып болыпты. «Апыр-ай, қиын жылдары келiп, қайғымызды бөлісіп жүрген аруақ екен ғой!» деп үлкен кісілер әлі күнге дейін бастарын шайқайды.
Нұрғали ОРАЗ,
«Egemen Qazaqstan»
Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Президент Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты
Президент • Кеше
Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Тарихи-мәдени мұраны сақтау – ұлттың сәйкестендіру коды
Руханият • Кеше
«Орал: Қазақстанның Батыс қақпасы» атты көрме ашылды
Аймақтар • Кеше
Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында
Аймақтар • Кеше
Алматыдағыдай «Тәуелсіздік монументі» әр қалада бола ма?
Аймақтар • Кеше
Атырауда халық жазушысы Хамит Ерғалиевке ескерткіш орнатылды
Руханият • Кеше
Аймақтар • Кеше
Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды
Руханият • Кеше
«Ұстаз мәртебесі - ұлт мерейі» байқауы өз мәресіне жетті
Аймақтар • Кеше
Түркістанда тұрғын үйлерге табиғи газ берілді
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 89 мың кәсіпкер салық рақымшылығын алды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда Серке Қожамқұлов туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді
Руханият • Кеше
Тәуелсіздік күніне орай күй тартылып, жыр маржаны төгілді
Аймақтар • Кеше
Егемендіктерге мемлекеттік наградалар тапсырылды
Қоғам • Кеше
Алматының каратэшілері қарсылас шыдатпады
Спорт • Кеше
Басылым басшылары - Халел ЕСЕНБАЕВ (07.1919 - 02.1920)
Руханият • Кеше
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» 50 жылдан соң қайта сахналанды
Руханият • Кеше
«Egemen Qazaqstan» ұжымы марапатталды
100 • Кеше
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады
Президент • Кеше
Руханият • Кеше
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Кеше
Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
Алматы облысында 660 бала полиция есебінде тұр
Аймақтар • Кеше
Қисамединовтің қолтаңбасы алматылықтар назарына ұсынылды
Руханият • Кеше
Таэквондо: Райымбек батырды еске алды
Спорт • Кеше
Солтүстік Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтті
Аймақтар • Кеше
Алматыда патриоттық әндер кеші өтті
Руханият • Кеше
Қазақстан экономикасының өсімі 11 айда 4,4% құрады
Экономика • Кеше
БҚО-да жастар сыйлығы табысталды
Аймақтар • Кеше
Ұлттық музыкалық аспап жасауға баулитын оқу орны
Қоғам • Кеше
Алматы облысында заңсыз жүрген 92 шетелдік ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматы қаласының Наурызбай ауданында жаңа балабақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Ыбырайдың ізбасарларын ынталандырған жыл
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Плей-офф кезеңіне шыққандар белгілі
Футбол • Кеше
Хоккей • Кеше
«Алтын тобылғы» иегерлері анықталды
Руханият • Кеше
Автокөлікті айдап кеткендер – күзет қызметкерлері
Аймақтар • Кеше
Сүйіспеншіліктің анасы – ықылас
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар