Заңды белден басқандардың басым көпшілігі облыс өңіріндегі аңшылар болып табылады. Облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғат қорғау полициясының бастығы Талғат Ахметовтың айтуынша, 5 күннің ішінде тәртіп сақшыларынан 40 жедел топ құрылып, мүдделі табиғат қорғау мекемелерімен бірлесіп жұмыс істеді.
«246 рейдтік шаралар кезінде 28 аңшылық, 12 балық аулау ережелерінің, 4 қару ұстау ережесінің бұзылғаны анықталды, сонымен қатар 2 адам заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды» дейді Талғат Ахметов.
Барлығы 40 браконьерге 202 мың теңге айыппұл салынды. «Сайгак» профилактикалық шарасы айдың аяғына дейін жалғасатын болады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
Egemen Qazaqstan
Қостанай