Әлем • 24 Қаңтар, 2019

Мәскеуде Путин мен Ердоған кездесті

167 реткөрсетілді

Кремльде Ресей мен Түркия президенттері кездесті. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады. 

Алдымен президенттер жеке кездесті, одан кейін делегация мүшелерімен үш сағатқа созылған келіссөз өтті. Жиын барысында Сирияның Конституциялық комитетінің жұмыстары сөз болды.

Мемлекет басшылары одан бөлек Сирия шиеленісін шешу жолдары, Сириядан АҚШ әскерін шығару мен стратегиялық серіктестік жайын талқылады.

Путин өз сөзінде Женеваның Конституциялық комитет құруға келісім бермегенін де айтып өтті. «Олардың бұл шешіміне таңғалдым. Дегенмен сабырлық танытуды жөн көрдім. Біздің СІМ батыстық әріптестермен серіктестік орнатуға тырысады» деді Владимир Путин.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • Кеше

Күлкі керуені № 25

Руханият • Кеше

Апта үздігі атанды

Хоккей • Кеше

Ұқсас жаңалықтар