Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019

Маңғыстауда онкологиялық аурулар салдарынан көз жұмғандар саны азайған

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен өткен брифингте Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансердің директоры Нұрлан Жариев мәлімдеді.

Маңғыстауда онкологиялық аурулар салдарынан көз жұмғандар саны азайған

Облыс бойынша онкологиялық аурулардың салдарынан болатын өлім-жітімнің төмендеуі 2017 жылғы мәліметтермен салыстырғанда 0,5 пайызға төмендеген. Нақтырақ айтатын болсақ, 100 мың халыққа шаққанда 2017 жылы 53,3 деген көрсеткішті көрсетсе, бұл көрсеткіш 2018 жылы 53,0 болып төмендеген. 

Сондай-ақ,  онкологиялық ауруларды анықтауда да ілгерілеу бар. Ауру қаншалықты ерте анықталса науқастың жазылып кету мүмкіндігі бар екені белгілі. Жалпы өткен жылы өңір бойынша аты жаман аурумен 880 адам тіркелген.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы