1951 жылдан бері айтулы жарыстың жалауы 38 мәрте желбіреді. Сол аралықта Қазақстанның бендишілері алты рет (2003, 2005, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдары) қола медальді иеленді. Алайда соңғы үш додадан қоржынымыз бос қайтқан еді. Атап айтсақ, 2006 жылы үшінші орын үшін тартыста әлемнің 12 дүркін чемпионы деген атағы бар Швецияға есе жіберсек, 2017 және 2018 жылдары осы турнирдегі сыралғы қарсыласымыз Финляндияға жол бердік. Бұл жолы біздің жігіттер қалай да қола жүлдені иеленудің көздеуде.
Өзінің тұсаукесер кездесуін жерлестеріміз 26 қаңтарда финдерге қарсы өткізеді. Араға екі күннен салып, Швеция және Ресей құрамаларымен шеберлік байқасамыз. Ал жүлделі орындар үшін бәсекелер 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтеді.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»