Спорттық жолын бокстан бастап, жастар арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері дәрежесіне дейін жеткен Тараздың өкілі осы турнирде жоғарыда аталған ұйымның экс-чемпионы Батраз Агнаевпен күш сынасуға тиіс еді. Алайда осетиялық спортшы жарыс қарсаңында жарақат алып қалды. Одан кейін жерлесіміздің жауынгерлік самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, украиналық Игорь Потерямен жұдырықтасатыны жарнамаланды. Бірақ белгісіз себептермен ол да жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Күні кеше ғана Егембердиевтің ресейлік Иван Лукинмен айқасатыны белгілі болды. Воронеж қаласының өкілі де осал емес. Ол 16 рет айқас алаңына шығып, 10 бәсекені өз пайдасына шешті. Ал отандасымыз болса, 9 кездесудің тек біреуінде ғана ұтылып, қалғанында жеңіске жетті.
Грозныйда өтетін АСА 91 турнирінде мына спортшылар өзара күш сынасады:
Арби Агуев – Элиас Сильверио
Беслан Исаев – қарсыласы белгісіз
Евгений Егембердиев – Иван Лукин
Алексей Ефремов – Байсангур Вахитов
Иманали Гамзатханов – Дауд Шайхаев
Даррен Мима – Имран Букуев
Насрудин Насрудинов - Расул Сайтхожаев
Даниель Густаво Сантов – Мурад Каламов
Руслан Абильтаров – Мурад Зейнулабидов
Бретт Купер – Азамат Амагов
Роан Карнейро – Хусейн Кушагов
Дилено Лопес – Шамиль Шахбулатов
Мигель Фелипе Бунес Да Силва – Мансур Хатуев
Фелипе Фроес - Ламберд Ахъядов
Фаниль Рафиков – Әлихан Сулейманов
Қанат Келдібеков – Хусейн Шайхаев
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»