23 қаңтарда Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Жастардың стартаптарына қолдау көрсететін қор құруды тапсырды. Президенттің шешімін жастар өкілдері қолдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (НЗМ) 12 сынып оқушысы Иван Крепактың айтуынша, Стартаптарды қолдаудың арнайы қорын құру — бұл жастарға еліміздің игілігі үшін барынша еңбек етуге, стартаптар құрып, түйген-білгенімен бөлісуге ынталандырады.
Алматы қаласындағы НЗМ физика-математика бағытының 12 сынып оқушысы Иван Крепак — бағдарламашы, робот технигі және АТ-қауіпсіздік саласының маманы. Иван Қазақстандағы алғашқы ақылды құлып — «bLock»-ты әзірледі, сондай-ақ жастардың түрлі жарыстарға қатысу үлесін арттыруды көздейтін «Zharys» мобильді қоымшасын әзірлеп шығарды. Бұған қоса, ол «Qiianat Etpe» лаңкестікке қарсы антенна» жобасының әзірлеушісі және сөйлеу мен есту қабілеті бұзылған адамдарға ишарат тілін меңгермеген адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін «VoiceKomek» мобильді қосымшасының авторы.
«Бүгінде барлық халықаралық байқауларда, олимпиадаларда еліміздің атын зияткерлік мектептердің балалары танытуда. Жастарымыздың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екеніне көзім жетті. Еліміздің мықты білім беру әлеуеті бар. Мемлекет елімізде білімділер ортасы дамып, жастарға оқып, түрлі жобаларды іске асыруға қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, өткен буынның тәжірибесін қайталап қана қоймай, сауатты, бәсекеге қабілетті әрі тәжірибелі жастарды өсіруіміз керек. Елімізде “Amazon”-ы бар Джефф Безос, өзіміздің “Uber” компаниямыз және “Alibaba” секілді интернет алыбы болатынына кәміл сенемін», — деді Иван Крепак.
И. Крепак бір елмен қоса, күллі әлем пайдаланатын жаңалықтар, серпілісті әрі ауқымды идеялар адамның жас кезінде ойлап табылады деп есептейді. Жастар күрделі мәселелерге жеңіл қарайды, қиын міндеттерді орындаудан қорықпайды. Жастар тың идеяларды іске асырудан тайсалмайды. Сәтсіздіктерден сескенбейді.
«Барлық сәтті шыққан стартаптар бірден табысты болған емес, табысты стартаптар – бұл бастан өткен сәтсіз әрекеттер мен талпыныстардан алынған тәжірибенің жемісі. Мен "Жарыс" мобильді қосымшасын іске қосқанға дейін көптеген басқа мобильді қосымшаларды әзірледім. Кейбіреулері көпшілікке танылмады, кейбірі жөнді аяқталмай қалды, кей жерлерде тәжірибем аз болды, дегенмен, АТ бойынша жарыстарға, олимпиадаларға, хакатондарға және басқа да мектеп пәндеріне қатыса бастаған кезде, жалғыз интернеттің көмегімен алысқа бармайтынымды түсіндім, адамдармен жиі араласып, кәсіби мамандармен ақылдасудың қажет екенін түсіндім. Одан кейін ниеттес, мақсатымыз бір адамдарды жолықтырдым. Елбасымыз Стартаптарды қолдаудың арнайы қорын құру туралы шешім қабылдағанына өте қуаныштымын», — деп жас өнертапқыш пікірімен бөлісті.
Сондай-ақ, ол Жастар жылы өскелең ұрпаққа өздерінің білім көкжиектерін кеңейтіп, оқу саласындағы білімдерін жетілдіруге, кәсіпкерлікте және экономика мен қоғамның басқа да салаларында ақпараттық технологияларды дамытуға жол ашатынына сенім білдірді.
«Жастар жылы – бұл Қазақстан үшін жаңа бір белес. Бұны ребрендинг деуге болады. Бүгінде Қазақстан көптеген көрсеткіштер бойынша ТМД елдерінен ғана емес, сондай-ақ АҚШ-тан, Канададан, Жапониядан, Қытайдан озық тұр», — деді И. Крепак.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы
Президент • Бүгін, 12:34
Құрманғазы оркестрі Бейжіңде өткен Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Мемлекетке тән емес қызметтер жайы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Туберкулез дерті екі сағатта анықталады
Медицина • Бүгін, 12:20
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Авангардты» ұтты
Хоккей • Бүгін, 12:13
Жаңаөзенде барлық сала мамандары ашық есік күнінде кеңес берді
Аймақтар • Бүгін, 12:11
Ауыр атлеттер Катарға аттанады
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:08
Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Қазақстан • Бүгін, 12:01
Аймақтар • Бүгін, 11:49
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беруде
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Аймақтар • Бүгін, 11:41
Шайбалы хоккей: Даррен Диц «Жұлдыздар матчында» ойнайды
Хоккей • Бүгін, 11:35
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға 2020 жылдың көктемінде көшеді
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Кеңесте жастар мәселесі талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Кен алыбында қайғылы оқиға болды
Аймақтар • Бүгін, 10:58
Рудный қаласында 12 күн бойы жоғалған бала көрші ауылдан табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:53
Нұрлан Ноғаев: «Жемқорлықпен күрестің ең нәтижелі құралдарының бірі – цифрландыру»
Аймақтар • Бүгін, 10:41
Шымкент 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасын қабылдап алды
Қазақстан • Бүгін, 10:37
Күрес • Бүгін, 10:23
Алматыда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға төмен пайызбен несие беріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:16
Киелі жерлерге саяхат сабағы өтті
Аймақтар • Бүгін, 10:13
«Қарапайым заттар экономикасы» елорданың бизнесін қалай дамытып жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:03
Қостанайда журналистер арналған семинар-тренинг өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:58
Руханият • Бүгін, 09:45
Алматыдағы бокс кешінде үш легионер күш сынасады
Бокс • Бүгін, 09:36
Алматыда «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме ашылды
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Қазақ үшін Желтоқсан жылдың басы...
Қазақстан • Бүгін, 09:21
Асқар Мамин жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды
Үкімет • Бүгін, 09:02
Ұлттық спорт үздіктері анықталды
• Бүгін, 07:50
Студенттер жатақханасы: төлемақы құны көңілге қонымды ма?
Қоғам • Бүгін, 07:44
Руханият • Бүгін, 07:41
Несие алып, несібесін арттырған отбасы
Қоғам • Бүгін, 07:39
Армениямен ынтымақтастық дамиды
Парламент • Бүгін, 07:37
Жолдаудың тиімділігі арттырылуы тиіс
Президент • Бүгін, 07:34
Қоғам • Бүгін, 07:33
Руханият • Бүгін, 07:23
Қоғам • Бүгін, 07:18
Балама энергетикаға басымдық беріледі
Экономика • Бүгін, 07:15
Қоғам • Бүгін, 07:13
Жазушылар одағының мерейлі белесі
Әдебиет • Бүгін, 07:11
Темір жолды жағалап топ бала жүр
Аймақтар • Бүгін, 07:08
Президент • Бүгін, 07:04
Әулиекөлде екі бүлдіршін тілсіз жаудың құрбаны болды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мәжілісте жаңа жәрдемақы жайы талқыланды
Парламент • Кеше
Қарағандыда энергетикалық форум өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Отбасында теңдік болмай, қоғамда теңдік болмас
Қоғам • Кеше
Жүзу: Дмитрий Баландин күміс медаль иеленді
Спорт • Кеше
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Каратэ: Жерлестеріміз үш алтын алды
Спорт • Кеше
Қарағандыда «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы анықталды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар