25 Қаңтар, 2019

Күшік асырап, ит етіп еді, ол балтырын қанатты...

1817 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жекеменшік үйлердің бірінде алабай тұқымдас итті жедел шақыртылған полицейлер бірнеше рет  атса да, өлтіре алмаған. 

Күшік асырап, ит етіп еді, ол балтырын қанатты...

Әдетте иттің иелері түнде қау­мал­дан шығарып, аулаға босатып жі­беріп отырған. Оқыс оқиға болған күні 67 жастағы әйел арнайы орынға кіргізе алмай, әбден әуре-сарсаңға түседі. Жай­шылықта айтқанға тез көне қоя­тын төбеттің ызасына тиіп кет­се керек, қарсы шауып, тарпа бас салады. У-шуды естіп, кө­мек­ке келген отағасына да тұра ұм­тылып, талап тастайды. Әйтеуір әйелі көмек шақырып үлгереді. 

Шұғыл жеткен жол-патруль­дік полиция батальонының қыз­мет­керлері иесін тістелеп жатқан төрт аяқты тағыға табельдік қа­ру қолданғанмен, тайыншадай төбеттің қалың терісіне оқ да­рымаған. Одан сайын ызаланып, шабалана түскен. Ақыры ветеринарлық қызмет мамандары улы оқпен атып өлтірген. 

Ауыр дене жарақатын алған үй иесі жедел ауруханаға жеткі­зі­ліп, жан сақтау бөлімшесіне жат­қызылған. 

Күшік кезінен асыраған алабай тұқымдас иттің алабөтен мі­­нез көрсетіп, агрессиялық әре­кет­ке тү­суіне көршілері де аң-таң. «Кү­шік асырап ит еттім, ол бал­ты­рымды қанатты» деген осы бо­­лар, сірә! Ит иттігін істемей тұр­майтынын естен шығармаған жөн.
Былтыр өңірде иттен 181 адам, биыл 12 адам зардап шеккен.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

ПЕТРОПАВЛ