Хроника
Сенбі, 21 қаңтар 2012 8:20
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметінен; Сергей Александрович Дьяченко Ақмола облысының әкімі қызметінен; Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен; Оңалсын Исламұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметінен; Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Берік Мәжитұлы Имашевтың өкілеттігі тоқтатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сергей Витальевич Кулагин Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, ол Қостанай облысының әкімі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Советбекұлы Донақовқа Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі төрағасының міндетін уақытша атқару жүктелді.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Серікжан Зиаданұлы Қанаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен; Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.