28 Қаңтар, 2019

Жиындарды азайтып, нақты жұмыстарды қолға аламыз

608 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жастарды тұрғын үймен қамту бойынша облыста жүйелі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтуға болады. Әсіресе Өскемен мен Семей қалалары, Күршім, Зайсан аудандарында жас мамандарды пәтермен қамту жақсы жолға қойылған.Мәселен, Қытаймен шекаралас жатқан Зайсан ауданында 60 пәтерлі үй салынып, жас мамандарға берілді. 

Жиындарды азайтып, нақты жұмыстарды қолға аламыз

Облысымыздың басқа өңір­лерден ерекшелігі, «Серпін» бағ­дар­ламасымен келіп оқып жат­қан жастар бар. Олар осында тұрақ­тап қалуы үшін тұр­ғын үй беру мәселесін көтеріп жүрміз. Аудан-қала әкімдеріне хат та жазылды. Жас мамандар бар­ғысы келсе де, кейбір аудандарда олар тұратын үй жоқ. Бұл түйткілдер енді шешімін табады деп ойлаймыз.

Еріктілер жұмысы біздің об­лыс­та бұрыннан жақсы жолға қо­йыл­ған. Қарттар үйіне, Бала­лар үйіне, Аналар үйіне жиі барып тұрамыз. «Үміт» балалар үйі тұрақты түрде қамқорлыққа алын­­­ған. Біздің еріктілеріміз ха­лық­а­ра­лық ЭКСПО көрме­сіне де ат­салысты. Бес жыл бұ­рын Қазан қаласында өткен универ­с­иа­дада өңірдің еріктілері төрт мем­лекеттің арасында үздік атан­ған бо­латын. Бұл бағыттағы жұ­мыс­­тар­ды одан әрі ширататын боламыз.
Жастар жылының салтанатты ашылуында Елбасы­ның өзі ерек­ше тоқталған жас­тар­дың ажы­расуы өңірімізде өзекті мәсе­лелердің қатарында. Әсіресе жас­тардың ажырасуы ауылды жер­лерде белең алып тұр. Пси­хо­лог­тардың жет­кіліксіздігі, әйел адам­дарда сыр бөлісетін, шер тар­қа­татын жандардың болмауы, ден­сау­лығындағы кінәрат – ажы­ра­су­дың көп себептерінің бірі. Жасыратыны жоқ, қазақы мен­та­литетімізге байланысты ауыл­ды жер­лерде әйел қауымы­ның көп­шілігі дәрігердің алдына баруға ыңғайсызданады. Ұялады. Кейбір отбасылар бала болмауы себепті ажырасып жатыр. Осының салдарынан өз-өзіне қол жұмсап жатқан адамдар да бар. Сондықтан бұл тарапта бізді ауқымды жұмыс­тар күтіп тұр. Осы мәселемен кешенді түрде шұғылдану үшін арнайы жұмыс тобын құрып, аудан-ауылдарды аралай­тын боламыз. Топ құрамына уни­верситеттердің психолог мамандары, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, білікті дәрігерлер – урологтар, гинекологтар кіреді. Жұ­мыс тобы әрбір ауылдық округ­тер­ге барып, үкі­меттік емес ұйым­­дармен, сон­­дағы ақсақал­дар, аналар ал­қасы­мен бірлесе жұмыс істейтін болады. Қазір облыс­тың аудан­дарында дағдарыс ортал­ықтары ашылып жатыр. Зайсан ауда­нында әйел адамдарға ар­нал­ған «Отбасында зорлық-зом­былыққа жол жоқ» деген орта­лық жұмысын бастады. Осы бағыт­тағы жұмыстарды жандандыру ойымызда бар. 

Жалпы, өңірде Жастар жылы­на байланысты бірнеше ба­ғыт­ты қамтитын үлкен жұмыс жос­пары әзірленіп жатыр. Біз Жастар жы­лын­да алаулатып-жалау­латқан, ұран­датқан  флеш-моб, форум, ак­ция­лардан гөрі жеке адамдарға пай­дасы тиетін, нақты, адрестік жұ­­мыс­тарды қолға алсақ,  жұ­мыс­сыз жүрген жас­тарды қол­да­­сақ дейміз. Мәсе­лен, былтыр об­лы­сы­мызда «Zhas project» жо­ба­сына жас­тары­мыз белсенді қатысты. Бар­лық ауылдарға барып, кездесулер өткізіп, жеке биз­несін ашамын деген жастарға қол­дау көрсеттік. Жастар орта­лы­ғының мамандары оларды аудан­дар мен қалалардағы «Даму» мен «Атамекеннің» филиалдарына қолдарынан жетектеп апаруға дайын. 2018 жылы «Zhas project» жобасына өңірден 150 жо­ба ұсынып, 300 миллион тең­ге ұтып алдық. 150 жобаға 500 жас қат­ыс­ты. 120 жас өзінің ша­ғын биз­несін ашты. Осындай жас­тарға пайдалы жұмыстар биыл да жалғасады. 

Арайлым ЕСІМБЕКҚЫЗЫ,

облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры

ӨСКЕМЕН