Жағдай былай болған еді. Қостанай қаласында өткен жедел-профилактикалық шаралар кезінде полицейлер «Фольцваген»жеңіл көлігін тоқтатады. 28 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершіліктен сытылып кету үшін полицейге 10 мың теңге пара ұсынды. Өйткені көліктің мемлекеттік тіркелген нөмірі жоқ болатын, оның үстіне жүргізушінің рульге отыру құқы туралы куәлігі де болмады. Ол бұрын машина жүргізу құқынан айырылған еді.
Тәртіп сақшысы парадан бас тартып, бұл туралы Жеке қауіпсіздік басқармасына хабарлады. Басқарма қызметкерлері келіп, жүргізушіні ұстады және параға ұсынған 10 теңгені тәркіледі.
Полиция офицері пара алмай, қатал заң шеңберінде әрекет еткенін, бұдан басқаша істей алмайтынын мәлімдеді. Қазір ҚР ҚК 367-бабының 1-ші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Нәзира Жәрімбет,
«Egemen Qazaqstan»
Қостанай