28 Қаңтар, 2019

Жылқы құрықтаған жігіттер

1541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сулыкөл ауылдық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы жә­не «Мұхит жастары» ЖҚБ ұйым­дастыруымен «Жыл­қыға құрық са­лу»  әдісі өткізілді. 

Жылқы құрықтаған жігіттер

«Желмен жарысқан жүйрікті қолға үйрету ар­­қылы ата-баба­мыздың адамзат өркениетіне үлес қосқаны белгілі. «Ер қа­наты – ат» деп біл­­ген алаш баласы әр сө­­зінің астарын атпен са­­­бақтайды. Айтар ойын жыл­қ­ымен байланыстыра бейнелейді.

Құрық тимеген асау­ды құлақтан басу – жі­гіттің жігітінің ғана қо­лы­­нан келетін дүние. Жылқы малына құ­рық салған жі­гіттерге аудан­дық жас­тармен жұ­­мыс жө­ніндегі ре­сурс ор­­та­­лы­­ғының бас­­шысы Эльдар Аман­таев сый­лық­­тар табыс етті.

– Бүгінгі сайыс жыл­­­қының ұлт­тық ру­­ха­­ният­қа, қазақы жа­ды­ға, халықтық санаға айналып кеткен бір кө­рінісі. Енді қазақ халқы үшін арғымаққа алтынды ер салып, шап айыл­ды берік тартып, екі тіз­гін, бір шыл­­быр­ды қол­ға алып, ат­қа қо­нар сәт келді, – дей­ді сайы­с соңында Су­лы­­көл округінің әкімі Б.Мұса.

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы

Батыс Қазақстан облысы